Home » статьи » Тәрбиелі білім баға жетпес қазына ….

Тәрбиелі білім баға жетпес қазына ….

Бүгінде бәрін үйретеді…
Мәдениет пен тілді сіңірер, этика мен эстетиканы түсіндірер ….
Бірақ …Ата баба өсиеті, обал мен сауап, кие мен иеге бағынан шынайы қамқорлық, махаббатына бөленер әже мен ата біз іздеген ұлттық болмыстың бұлағы ғой шіркін….
Жаттанды ұранға жығылған мына күнде орны  білініп-ақ тұрады. Ата ақылы арқылы ақ қараны ажыратуға, ел мен жерді сүюге маңдай термен келген еңбектің дәмі тіл үйіретінін түйсе, ұршығын иіріп, құртын жайып, күбісін пісіп отырған әженің басыңнан сыйпағандағы мейірімінен асқан не бар… Барлық иба, инабат ақ жаулығына сіңіп немересіне елжіреп қарағанда тамырын бойлаған жылу балаға да берілетіндей … Әже айтқан әлди , тербеткен бесіктің орны бөлек…


Құлазыған жанға азық болар бір дүние тарих пен мәдениетіңе бойлаған, санаңда жаңғырған үннің шынайы көрнісіне куә болу. Еркін тыныстап, рухани ләззат алу.
7 ақпан күні Астана қаласы, нұрын шашқан Нұра ауданындағы №63 « Әсем-ай» балабақшасының қалалық семинарында болдық. Есік ашылғанда қысылмай тыныстайтын кең дәліз. Педагогтардың ыстық ықыласы. Кей балабақшаларға бұйыра бермеген атшаптырым көрермен залы….
Ақ кимешекпен қасына немерелерін ертіп әжеміз шашуын шашып қарсы алды. Шашудың бір бөлігі немересінің қолында . Үлгі …


«Сағыныш» әні…
Қара домбыраның үніне қазақтың әні қосылғанда мәтіні ауылға деген сағыныш болса ұйып қаласың… қиялмен сапар шегесің. Қоңыр дауыс иесі  Мусин Камель Акатаевич балабақшаның батасын берер үлкені.
«Меруерт» , «Зүбаржат» тобының тәрбиеленушілері «Қуаныш» биімен қуантып, «Болашағы біз елдің» әнімен жігерлендірді. Өрілген бұрымға жараса тігілген тақия, қос етек көйлек бәрі бәрі тамаша.
Алғашқы сөзді балабақша меңгерушісі Рахметова Галия Каирбаевна алып «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп жасына дейінгі балаларды Отансүйгіштікке үлкенді құрметтеуге ата-анамен бірлесе отырып тәрбиелеу арқылы жас ұрпақтың дамуын қалыптастыру және серіктес балабақшалар арасында бәсекеге қабілеттілікті арттыруды мақсат еткен «Ұлттық құндылықтар –тәрбиенің төресі» атты қалалық семинар қонақтарына ыстық лебізін білдірді.
Кәде сыйға жабыстырған екі түрлі оюға қарай келушілер бөлініп  топтарда ұйымдастырылған ашық іс-әрекеттерді көрді.


Қазақы нақышта безендірілген  «Құбылтас» ересек тобында тәрбиеші Жумабекова Назгуль Кабдыашимовна  « Асық –алтын қазынам» тақырыбында асықпен күнделікті жасалатын жұмыстың бала қалыптасуына тигізер пайдасын көрсете білді. Тәрбиеленушілермен еркін жұмыс педагог шеберлігінің белгісі.
Ортаңғы «Зүмрет» тобының тәрбиешісі  Утарова Анафия Абдураимовнаның «Жайлауда» тақырыбында алған іс-әрекеті жан-жақты. Төр басында әжемен ата. Оттан түспеген қара қазанда ыстық бауырсақ, әженің өз қолымен дайындаған құрты,  сүрі еттен жасалған наурыз көже, немерелерімен бірге құрастырған құрағы, атасымен қой қырыққан, асық атқан ұлдарды көргенде шын сүйсіндік. Көптің баласын өз бауырына тарта білген топтың әжесі Бәтима Сағындыққызына ұзақ ғұмыр тілейміз. Атаның орны тым биікте. Әкелерге жол көрсетер тәрбиелік мәнге ие сабаққа берілген бағада жоғары.
Серіктестік балабақша арасындағы іс-тәжірибе алмасудың , береке-бірліктің бастамасы. Жақында ғана №70 «Құлыншақ» балабақшасында  тұсауы кесілген  авторлық «Ақсүйек» ойынының ойналу жолын ұлы Татаев Абдрахман Олжасұлы бірге көрсеткен әке Татаев Олжас Бірімжанұлы, қызы Азамат Айлина мен бірге шыққан анасы Муканова Кенжегуль Магауовна балабақшасының денешынықтыру нұсқаушысы Смадьяр Сырлан Бейсенбайұлы, музыка жетекшісі Стамғазы Ақнұр Ерланқызымен бірге көрсетті.  «Ұлттық ойындар-ұлтымыздың құнды мұрасы» тақырыбындағы шеберлік сабағын өз дәрежесінде алып шықты. Ата анамен бірлескен жұмыс осындай-ақ болар.


«Аспаптар сыр шертеді» тақырыбында №55 «Қарақат» балабақшасының
музыка жетекшісі Берекетова Тұрсын Каманбековна, тәрбиешілер Елубаева Айтбала Зейнолловна мен Садвакасова Гульмира Нысанбековнаның  шәкірттерімен бірге ұлттық аспапта орындаған әуендері бой тербеді. Баламен жұмыс, музыка жетекшісінің шеберлігі баланың музыкаға оның ішінде ұлттық аспаптарға деген ынтасынан көрініп тұрды.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардың қойылған диагноздары бойынша жұмыс жасайтын педагог –ассистенттер, дефектолог, психолог өз жұмыстарын көрсетті.  №63 балабақшадағы өз ісіне сенімді әрі нәтижелі жұмыс жасап жүрген педагогтар құрамының болуы аталмыш білім ордасының оқ бойы озық тұсы. «Инклюзияда ұлттық құндылықтар бағытталған ойындарды қолдану» тақырыбында балалармен қалай жұмыс жасалатынын  көрсеткен  инклюзияны  қолдау қабинетінің жетекшісі педагог- психолог  Сулейменова Согдиана Ерлановна, педагог-ассистенттер Шақуатова Мереке Күптенбайқызы,  Исмагулова  Айгерім Қоналқызына,  дефектолог Тулеугизова Көркем Ерланқызынан әріптестерінің алары көп болды. Семинарға арнайы қатысып бірлесе жұмыс жасаған ата ана Қанатұлы Айдос педагогтарға деген алғысын жасырмады.  Баласының денсаулығындағы оң өзгерістер педагог жұмысының нәтижесі екенін жеткізді. Іс-тәжірибемен бөлісу, жасаған жұмыстың оң нәтижесін көру басқосу мақсатының орындалғаны.
Соңында №88 «Баян сұлу» балабақшасының әдіскері Кожанова Гульмира Турдыакыновна, тәрбиеші Сарсенова Жанар Аскаралиевна әжеміз Исакова Райла Бартбековна «Ұлттық өнер –ұрпаққа өнеге» тақырыбында шеберлік сәтін ұсынды. Әжемен бірге семинар қонақтары өз қолдарымен  бойтұмар жасады. Жақсы ырыммен аяқталған шарадан түйген ой көп…
Жұдырықтай жұмылған №63 «Әсем-Ай» балабақшасының педагогикалық ұжымы әдіскерлері  Алтайқызы Фарида, Мейрманова Гульдана Сериковна,тәрбиеші Муканова Кумисай Масалимовна, музыка жетекшісі Дарбаева Гульмира Сериковна, қазақ тілі педагогі Кизатова Зәуре Аманжоловна, дене шынықтыру нұсқаушылары Булатов Мейрам Сатымұлы, Хумар Бақытбек Келесұлы, Шамуратова Ханзада Сражадиновна, Сарсенбекова Асемгуль Рахимжановна, музыка жетекшісі Маукен Гульназ Әділбекқызы, педагог-психолог Уатаева Асима Кайыргелдіқызы, логопед Мухтарова Аида Жанибековна, педагог-ассистенттер Раисова Ақмарал Каидауловна,   Тұрысбек Ақбота Құдайбергенқызы, Набижан Дина, Абишева Фарида Кайпайевна, хореограф Каримова Назгуль Жумабаевнаның өлшеусіз еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз.
Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік салтанат құруы шарт. Ата-әже, әке-анасымен көкірек көзін ашар ұстаздарымен таба білген үйлесім  тұлға болып қалыптастар бала бойына ұлттық рухани қасиеттерді сіңірері сөзсіз. Бұл күнгі семинар осының дәлелі. №73 « Аяулым», №70 « Құлыншақ», №4 «Аружан»  балабақшаларының меңгерушілері Каренеева Венера Ерболовна,  Домова Арайлым Нурсеитовна, Жагапарова Жанар Шокановна, №55 «Қарақат», №88 « Баян Сұлу» балабақшасының әдіскерлері Байболова Шекер Орынтайевна, Кожанова Гульмира Турдыакыновна, «Аманат» партиясы «Нұра» аудындық филиалының атқарушы хатшысы Жакупова Жанар Еркінқызының да пікірі берген бағасы осы сөзге саяды.
Ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтардан алыстамай, жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра білетін орта ғана кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеп шығармақ. Бүгінгі семинар ұлттық рухты көтеретін тәрбиенің іске асқанын көрсетті. Салт –дәстүрлердің мағнасын білетін ата-әжелердің қатары арта түссін. Ертеңгі күнімізді сеніммен бастауға күш берген, жарқын болашақ, жақсы күндерді көрсете білген ұжымға толағай табыс тілейміз.

ӘЛИЯ ҒАЛЫМБЕКҚЫЗЫ
Білім айнасы
Астана қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*