Балабақша — бала өмірінің іргетасы қаланатын баспалдақ.
Балалардың болашақтың даңғыл жолына түсуі балабақша қабырғасына тікелей байланысты.
Тербие мен білім — егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу — білімді,
жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер кебейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін
дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тежірибесінде колдануға ізденеді.
Балабақша келер ұрпақты еңбекке ,өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік қасиеттерге баулиды. Сондай балабақшалардың бірі — Алматы қаласы Білім басқармасы КМҚК «№57 бөбекжай- балабақшасы».
Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде.
Балабақшаның жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тербиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз. Айтар болсақ, балабақшада 14 топ жұмыс жасап, онда 340 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Балабақшада 32 педагог, 3 музыка жетекшісі, 2 қазақ тілі маманы, дене шынықтыру және жүзу нұсқаушысы бар.
«Үйренер нәрсең-білім мен мейірімділік» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Балабақша “Мектепке дейінгі тәрбие мен окытудың үлгілік оку бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ тілінде жүргізеді.
Қазақтың ұлттық кодын бала бойына қазірден сіңіру – негізгі мақсат. Жаңа заман үдерісінен қол үзу емес, қайта сол ағыспен жүре отырып, қазақилықты сақтай білу. Осыны негізге ала отырып, біз қазақ бөлмесін бірнеше бөлікке бөліп аштық, — дейді балабақша меңгерушісі.
Балабақшадағы ертегілер бұрышында балалар ертегіні заманауи QR код арқылы көре алады. Ойша қиялдау дағдыларын аудио ертегісі арқылы дамытады.
Киіз үй бөлігінде балалар қазақ халқының ұлттық баспанасымен танысып, тұрмыс – тіршілігінен хабардар болады.
Ұлттық ойындар бұрышы балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
«Абай-дана, Абай-дара қазақта» демекші балабақшаның бір бұрышы хәкім Абайға арналған. Ал Абайын танып өскен баланың жаман болмасы анық.
Балабақша ұйытқысы, ізденімпаз, іскер басшы Меңгеруші: Бельгибаева Гульнар Айтбаевна
балалардың жан-жақты қорғалған, тұлға
болып қалыптасуына жағдай
жасауда. Осы білім жолында 30 жылдан аса еңбек етуде. Бар күшін салып, балабақшаны осындай әдемі қалпында ұстап отырған жан. Балабақшаның ұшкан жас түлектері мектепте оқып білім алуда.
Балабақша ұжымы біршама жетістіктерге кол жеткізді. Педагогтары үнемі, шығармашылық ізденіс жолында. Ата-аналарменде тығыс байланыста.
Балабақша — бала бақса игі, Білімнің шамын жақсы игі.
Балабақшаларымыз жайлы, балаларымыз бақытты болсын!
КМҚК «№57 бөбекжай- балабақшасының» ұжымына шығармашылық табыс тілейміз!
Білім айнасы
Алматы қаласы
Елназ Тұрсынғалиқызы