Бексеитова Айнур Туймебековна
Астана қаласы әкімдігінің
“Міржақып Дулатұлы атындағы
№68 мектеп-гимназия” ШЖҚ МКК- ның
биология пәні мұғалімі
«Адам және оның денсаулығы»
Биология сабақтарында салауатты өмір салтына жеке көзқарасты қалыптастыруды қамтамасыз ету басты мәселе болып табылады. Әлемді дүр сілкіндіріп, бәрімізді кәдімгідей алаңдауға жол берген пандемия кезінде барша қоғамның алдындағы өзекті мәселенің бірі – адам және оның денсаулығы, азаматтардың өз денсаулығын сақтау мәселесі болды. Әрбір жеке адам денсаулығы, табиғаттың саулығы, жалпы адам қоғамның денсаулығы. Биология пәнінде және «Адам және оның денсаулығы» элективті курс тақырыптарында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі түйінін меңгерту, оның мәнін терең ұғынуға көмектесу болып табылады. Соңғы жылдары стрестің көбеюі, оның денсаулыққа зияны әсерінен туындайтын аурулар көбейді. Дегенмен әр адам олардан өз ағзасын сақтай алу мүмкіндігінің бар екендігін түсіну қажет
Мұғалімдер мектепте физикалық және психикалық денсаулықты нығайту мәселелері бойынша оқушыларды даярлау, олардың әрқайсысының жеке денсаулығы мен үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізуде. Оқушыларға білім беру үдерісінде қалыптасқан мінез-құлық моделі олардың жеке денсаулығын сақтау бойынша кейінгі әрекеттерін анықтайтыны, оның әлеуетін сақтайтыны анық. Биолия пән ретінде оқушыларда денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін жеткілікті мүмкіндіктерге ие.
Дау жанжалдардың (кикілжіңдердің) етек алуы, оның тани және дұрыс шеше білуі қажеттілігін керек етсе, бұл жағдайда адам және оның денсаулығы сабағы көмектеседі. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу жолдары, денсаулықты сақтау жолдарының барлығы тиімді өткізілгенде адам және оның денсаулығы сабағында оқушының өзі қиындықсыз, қажетті материал ретінде, өмірде пайдалану жолдарын дағды ретінде игере алады.
Курстың мақсаты: Оқушыларда адам ағзасының құрысы мен қызметі туралы білім қалыптастыру. Адамның биологилық және әлеуметтік мәнін түсінетін тұлға дайындау. Оқытудың жаңа формаларын қолдана отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар қазіргі кездегі зиянды әдеттерге әуестену әрекеттерінің көбеюі, ойланбай әрекет етуге, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың нәтижесі екендігін оқушыларға түсіндіру
Курстың міндеттері:
— Адам ағзасының мүшелер жүйесі мен мүшелернің құрылысы, олардың атқаратын қызметтерімен таныстыру;
— Адам ағзасының жеке дамуы, адамның мінез-құлқы, адамның түрлі климаттық жағдайларға бейімделуі туралы мәліметтер беру;
- Оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне қозғау салып, ғылыми көпшілік әдебиеттерден оқу материалдарына байланысты жаңалықтарды пайдалану;
Күтілетін нәтиже:
-Базалық білім негізінде оқыту үрдісінде ғылыми көзқарас қалыптасып, оқушылардың мәдени денгейі жоғарлап, жеке бастың жан- жақты дамуы тәрбиеленеді.
-Оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, мамандық таңдауға мүмкіндік береді.
-Әр оқушы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыра біледі.
-Оқушының, жеке тұлғалық сипатын айқындау, оларды кәсіпалды дамыту, пән олимпиадасына қатыстыру, жоба қорғату, өзін — өзі бағалау.
Бұл практикалық курс оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне қозғау салып, ғылыми көпшілік әдебиеттерден оқу материалдарына байланысты жаңалықтарды пайдалануға үйретеді, оқушының қызығушылығы мен қабілетін кәсіптік бағдар бере отырып тереңдетуге мүмкіндік жасайды. Оқушының өзі қиындықсыз қажетті материал ретінде өмірде пайдалану жолдарын дағды ретінде игере алады, сондай-ақ қазіргі кездегі зиянды әдеттерден аулақ болып, ойланбай әрекет етуден сақтануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.