Мұғалімі: Кушназарова Ұлболсын
Оқушы: Өскінбай Амалбек 1 сынып
«Домбыраны алғаш тартып үйрену»
Сабақтың мақсаты: Оқушының аспапты ыңғайлы ұстап,дұрыс отыруын,қол қойылымдарын қалыптастыра отырып домбыра тарту шеберлігін дұрыс меңгеру. Оқушының орындықта дұрыс отыруын қадағалау.
Тәрбиелігі: оқушының өнерге деген ынта-ықыласын өсіріп,эстетикалық талғамын арттыру,музыканы дұрыс түсініп,тереңдей түсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қағыс түрлері,қол қойылымдары көрсетілген суреттер.
Сабақ барысы:
-Ұйымдастыру кезеңі.
-Қол қойылымдарын қалыптастыруға арналған жаттығулар және хроматикалар.
-Сергіту сәті.
-Қорытындылау.
-Үйге тапсырмасын беру. Бағалау.
Домбыраны алғаш меңгеру барысында оқушы қолдарын еркін әрі бос қозғалтып үйренуі керек.Қағыс пен перне басуда екі қолдың үйлесімін келтіру ,т.с.с алғашқы ойнау тәсілдері домбыра ойнау шеберлігінің негізі болып табылады.Домбыра тартып үйрену әуелі ашық ішектегі қағыстардан басталады.Домбыра ішегін қолмен қағып,дыбыс шығару әдісін қағыс дейді.Қағыстар бағытына қарай төменгі және жоғары қағыстар болып бөлінеді.Қағыс бағытының негізгі таңбалары былай белгіленеді.Төмен-жоғары қағыс.Жоғары бағыттағы қағыс домбыра тартуды әуелі төмен қағысты қағып үйренуден бастаған жөн. Себебі,ол-оң қолдың білезік буының қатысуымен сұқ саусақ арқылы алынады.Оқушы әуелі екі иығын босатып,домбыраны шынтақпен қыспай ұстаған жөн.Қолды өз салмағын бос тастай қағуы керек. Қағыс алу барысында қолдың білегі мен буының әрлі-берлі бұрмай,оның қойылымдық қалпының өзгермеуін қадағалап, кіші тиек жағынан екінші қолмен домбыра мойнын сәл демеп отыру керек. Жоғары қағыс төмен қағыстар сияқты бармақпен немесе сұқ саусқпен білезік буынының көмегімен қағылады.Төмен-жоғары қағыстың бірінен кейін бірінің кезектесіп келуі алма-кезек қағыс деп аталады.
Сергіту сәті: Қол жаттығулары.
Қорытындылау: Оқушының орындықта қалай отыру,домбыраны ұстау,оң қол,сол қол қойылымдары.
Үйге тапсырма: Ноталардың 5 сызық бойындағы және перне бойындағы орналасуын жаттау.