Home » статьи » «Әділдік пен Жауапкершіліктің» үйлесімі: «Тұлға мен қоғамның дамуы, «Бес күн – бес іс-шара»

«Әділдік пен Жауапкершіліктің» үйлесімі: «Тұлға мен қоғамның дамуы, «Бес күн – бес іс-шара»

Абдекеева Арайлым Дюсембекқызы
Алматы қаласы,   Алатау ауданы,
№179 жалпы білім беретін мектеп
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«Әділдік пен Жауапкершіліктің» үйлесімі: «Тұлға мен қоғамның дамуы, «Бес күн – бес іс-шара»

Қараша айы мектеп өмірінде маңызды кезеңдердің бірі ретінде «Әділдік пен        Жауапкершілік» айы ретінде аталып өтілді. Бұл айда оқушылар мен мұғалімдер үшін   қызықты әрі мазмұнды бес күндік іс-шаралар ұйымдастырылды. Әр күннің тақырыбы өз алдына ерекше мәнге ие болып, мектептегі бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға, оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, экологияға жауапкершілікпен қарауға және спорттық жетістіктерді қолдауға бағытталды.

Бірінші күн «Патриоттық күн» Әділдік пен Жауапкершілік айының алғашқы күні Патриоттық күн болып белгіленді. Оқушылар мен мұғалімдер мектеп алаңында саптық жиынға қатысып, елімізге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты сезінді.


Ән ұранның шырқалуы — барша мектеп қауымдастығын елге деген құрмет пен патриоттық сезіммен бірлікте болуға шақырды. Бұл шара әрбір қатысушының жүрегінде отансүйгіштік сезімін жаңғыртып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауды ұғындырды.

Екінші күн: «Шығармашылық күн» Шығармашылық күнінде оқушылардың ойлау қабілеттері мен жазу дағдылары тексерілді. Мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жоспарына бойынша ата-аналармен өткізген «Ашық есік» күнінде, модернизациядан өткен физика, химия, биология және робототехника кабинеттерінде мұғалімдер мен оқушылардың жұмыстарымен таныстырды.

Оқушылар шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында мектеп кітапханасында мектеп баспасы «Қаламгер» газетінің бас редакторы, орыс тілі пәнінің мұғалімі Арман Ергеновнамен оқушылардың шығармашылық жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, оқушылар «Болашаққа хат» жазып, ертеңгі күнге деген үміттері мен арман-мұраттарын сөзбен өрнектеді. Кітап оқу мен шығармашылық жұмыстар арқылы әрбір оқушының ішкі дүниесі байып, білім мен тәрбиеге деген қызығушылығы артты.

Үшінші күн: «Ұлттық құндылықтар күні» Ұлттық құндылықтар күнінде оқушылар өздерінің ұлттық киімдерін таныстырып, «Өнерлі отбасы», «Өнегелі отбасы» тақырыбында ата-аналар арасында сайыс өткізді. «Ұлттық киім ұрпаққа мұра» тақырыбы аясында арнайы іс-шара өткізді. Бұл күннің мақсаты — қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін, киім-кешектерін жастарға таныстырып, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыруды насихаттау болды. Оқушылар ұлттық киімдердің тарихын, олардың ерекшеліктерін айтып, халқымыздың бірегей мәдени мұрасын сақтаудың маңыздылығын ұғынды. Мұндай шаралар ұлттық бірегейлікті құрметтеуге, өзінің түп-тамырын білуге бағыттады.

Төртінші күн: «Экология күні» Экология күні «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» ұранымен өткізілді. Бұл күні оқушылар экологияны қорғау және қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы ақпарат алып, экологиялық жауапкершілік жайлы пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, мектепте жалпықалалық «PLASTIC REBOOT» акциясы аясында қалдықтардан жасалған өнер туындылары мен бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өз қолдарымен жасаған шығармашылығын көрмеге қойып, пластик қалдықтарды өңдеу арқылы қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін танытты. Бұл іс-шара экологиялық білім мен сананы арттырып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға шақырды.

Бесінші күн: «Спорттық күн», аптаның бесінші күні Спорттық күн болды,  жасөспірімдер арасындағы 81 кг әлем чемпионы Зейнулаева Аружан Шалқарқызымен кездесу арқылы ерекшеленді. Бұл кездесу спорттың маңызы мен салауатты өмір салтына шақыратын үлкен шараға айналды. Сонымен қатар, «Әкем , анам және мен» атты спорттық іс-шаралар өткізілді, онда оқушылар мен олардың ата-аналары бірлесіп түрлі спорттық жарыстарға қатысып, салауатты өмір салтын ұстанды.

Қорыта айтсақ, қараша айындағы «Бес күн — бес іс-шара» мектеп өмірінде маңызды оқиғалардың бірі болып, оқушылар мен мұғалімдер арасында патриоттық сезімді, шығармашылық қабілеттерді, ұлттық құндылықтарды, экологиялық жауапкершілікті және спорттық рухты қалыптастыруға зор үлес қосты. Әрбір іс-шара оқушыларға жаңа білім мен тәжірибе алуға, қоғамға деген жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді. Әділдік пен Жауапкершілік айы әрбір оқушы үшін шынайы құндылықтарды ұғыну, оларды өз өмірінде жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндік болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*