Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№207 мектеп – лицейі» кмм
бастауыш сынып мұғалімі
«Ұлттық киім – асыл мұра»
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс — шарасы
«Мемлекеттік тіл — менің тілім» іс шарасының II тоқсандағы жоспарына сәйкес «Ұлттық киім – асыл мұра» атты 3 – сыныптар арасында өтетін мектепішілік Мұқағали оқуларының
Мақсаты мен міндеттері:
— Қазақ халқының ұлтттық киімін дәріптеу, таныстыру;
— Мектебіміздің оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
— Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
— Оқушыларға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.
Шеру: оқушылармен шеру жасау ұлттық киім үлгісі
Жүргізуші: Фатима
Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!
Жүргізуші: Асима
Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі мектеп оқушылары арасында өткелі отырған Мұқағали Мақатаев оқуларына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: мұғалім
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.
Фатима: Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.
Асима: Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, — деген екен.
Мұғалім: Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де — өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр ақынға арналмақ.
Сыныптың қыздарының «Қазақ биі»
Бүгінгі мектепішілік Мұқағали оқуларының басты мақсаты мен міндеттері:
— Мектебіміздің 3-сынып оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
— Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
— Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.
Мұқағали оқуларының шарттары:
1. «Менің пірім — Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидің бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс.
2. «Есіңе мені алғайсың?» айдарында үміткер Мұқағали әндерін шырқайды.
- «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» — сұрақ – жауап ойыны.
Құрметті Мұқағали оқуына қатысушы түлектер барлығыңызға сәттілік тілейміз.
Бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.
Мен енің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрып бойында бір көшенің
Болашағым, сен тұрсың, мен де өсімін, – деп болашағына сеніммен қараған еді ақиық ақын. Ендеше, байқаудың бірінші бөлімін «Менің пірім — Мұқағали» айдарын бастайық. Бұл бөлімде Мұқағали жырын жауқазын өрендер жатқа мәнерлеп оқып береді.
Мәнерлеп оқуға қатысатын оқушылар өлеңдерін оқиды.
Мұқағали оқуларына қатысушы түлектерді таныстырып өтейін.
- 3 М-сынып. Самет Аружан Мауленқызы «Елім барда»
- 3 «Б» — сынып. Зинатдин Адия Болатқызы «Қазақ жері»
- 3 «Д» — сынып. Нұрбай Айжұлдыз Ахметқызы «Сәби ана»
- 3 «Ә» — сынып Айтқали Аружан Бауыржанқызы «Үш бақытым»
- 3 «Ж» — сынып. Мустафаева Хадиджа «Шеше , сен бақыттысың жыламағын»
- 3 «Е» — сынып Жұмағылыщ Раяна Қарщауқызы «Ей, өмір!»
- 3 «Н» — сынып. Ерік Нұрым Даниярұлы «Қазынам бар»
- 3 «В» — сынып Әуелхан Алихан Айболұлы
- 3 «Ғ» — сынып. Әбдіғали Әбдірахман Асхатұлы «Бүгін менің туған күнім»
- 3 «Г» — сынып. Турсунбай Айару Әділетқызы «Апырмай , туған жер ай»
- 3 «Л» — сынып. Бақтығалиев Даниал Бақтиярұлы «Бүгін менің туған күнім»
- 3 «З» — сынып. Алпысбай АминаЕрнарқызы «Шеше сен бақыттысың»
Асима : Қарсы алмаса,
Құрсын, қарсы алмағын,
Ән салып бер,
Әніңмен жан сап маған!
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір,
Жатсын ұйып жапанда дел-сал далам.
Фатима: Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі.
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.
Оқушылар Мұқағали Мақатаев әндерін айтады.
Ән айтатын оқушылар:
- 3 «К» сынып оқушысы Жақсыбекова Аяла Бауыржанқызы «Жұмақ мекен»
- 3 «А» — сынып. Сейсенқожа Дария Маратқызы « Саржайлау»
«Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған»- деп Тұманбай Молдағалиев баға берген.
Келесі бөлім «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» деп аталады. Мұқағали өмірі мен шығармашылығынан он сұрақ қойылып, жауап алынады.Жыр додасы өз мәресіне жақындады әділ-қазылар әділ шешімін шығарғанша 5 минутқа үзіліс жариялаймыз.
Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Қорытынды:
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан — ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
… Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, — деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. Қош болыңыздар! Кездескенше күн нұрлы болсын!
Керемет, үлгі тұтып, әдістемелік бөлісуге таптырмас құнды дүние тақырыбында ұйымдастырылған сабақ екен. Ұлтық киім мен поезияны ұштастыра білу деңгейі өте жоғары, ұстаздың кәсіби маман екені айқын.
Өте керемет ұйымдастырылған іс шара. Өз ұлттық киімдеріміз әрқашанда дәріптелуі керек. Жұмагүл апайға үлкен рахмғт!