Home » статьи » Балалар мен жасөспірімдер арасында «Көз ауруларының алдын алу»

Балалар мен жасөспірімдер арасында «Көз ауруларының алдын алу»

Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы  
Сисенов Дархан Алдонгарович

Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының СГБ ж/е ҚТРБ бөлімінің
  бас маман: Толепбергенова Бекзат Курмашевна

Көру – адамның барлық сезімдерінің ішіндегі ең маңыздысы және біздің өміріміздің барлық салаларында, кезеңдерінде маңызды рөл атқарады.

Заманауи техниканың дамуы мен  сабақ оқу кезіндегі көзге түсетін ауыртпалық, жастарға қатер төндіріп тұр. Яғни алыстан көрмеушілік ауруы жиілеуде. Ерте ауыр және тұрақты көру қабілетінің бұзылуынан зардап шегетін жас балаларда сөйлеу, эмоционалдық, әлеуметтік және когнитивті дамудың кешігуі өмір бойы салдарға әкелуі мүмкін. Көз – ағза, сезім мүшелерінің ішіндегі ең сезімталы. Шамамен денедегі сезім рецепторларының 70%-ы  қарашықта орналасқан. Ал, көздер кішкентай экран тәрізді түскен жарық сәулесін бірден қабылдайды.

Егер сіз балаңыздың нашар көре бастағанын байқасаңыз-міндетті түрде офтальмологпен кеңесіңіз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес: Мектепалды сыныптарда және мектептерде тікелей бейнетерминалмен, дербес компьютермен, планшетті дербес компьютермен және ноутбуктермен сабақтардың үздіксіз ұзақтығы оқу сағаты ішінде:

1) мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда – 15 минуттан аспайды;
2) 2-3 сыныптарда – 20 минуттан аспайды;
3) 4-5-сыныптарда – 25 минуттан аспайды;
4) 6-8 сыныптарда – 25 минуттан аспайды;
5) 9-11 (12) сыныптарда – 30 минуттан аспайды.

Көз ауруларының алдын алу үшін келесі шараларды сақтау қажет:

* Бөлмедегі жақсы жарықтану, жарық сәулелері көзге тікелей түспеуі керек және жарық олардың сол жағынан түсуі керек, түнгі жарық күндізгі жарықпен бірдей болуы қажет.
* Ыңғайлы орналасу, көзден дәптерге дейінгі қашықтық шамамен 30 см, ал мониторға дейінгі қашықтық кемінде 60 сантиметр болғаны дұрыс.
* Дұрыс тамақтану, балалар көздің денсаулығы үшін өте маңызды дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды тұтынуы керек, балаңыздың тамақтануында әрқашан балық, ет, жаңғақтар, жаңа піскен көкөністер мен жемістер сияқты тағамдар болуы қажет.
* Уақытты ашық ауада белсенділікпен өткізу, салауатты  өмір салты мен спорт иммунитетті арттырады және көздің денсаулығын сақтауға көмектеседі, ашық ойындар қан айналымын жақсартады және көздің көру бұлшықеттерін күшейтеді. Егер сіз табиғатта уақыт өткізсеңіз, ультракүлгін сүзгілері бар күннен қорғайтын көзілдірік және бас киімді ұмытпаңыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*