Саскебаева Мейраш
«Жармұхамбет ауылындағы №2 орта мектебі» КММ-нің
математика пәнінің мұғалімі
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жармұхамбет ауылы
Оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізу туралы
Ұстаздар қауымының алдында тұрған міндет – жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, жаңа технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Сапалы білім беру қазіргі уақытта білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды пайдалануды, білім беруді, ақпараттандыруды талап етеді. Жаңартылған білім бағдарламасының басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған, яғни, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру – оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Сондықтан дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ, нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет екенін, жеті модульдың сабақта қолданылатын идеялары мен байланысын ескеріп сапалы оқытуға болатынын білдім. Мен, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша «Оқу үшін бағалау» модулі және түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды, «Талантты және дарынды балаларды оқыту» және «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» молдульдері туралы оқып үйреніп, ең бастысы сабақтың мақсаты қолжетімді болу керектігін түсіндім.
Оқыту мен білім беру процессіндегі ең маңызды бөліктердің бірі «Оқушыларды жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту». Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы мен сөйлеуі әртүрлі болады. Сондықтан, оларды оқыту құралдары да, тәсілдері де әртүрлі . Бұл модуль аясында оқуды бағалау, саралап оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту қамтылады.
Сабақ барысында әр оқушының ерекшеліктерін ескеріп, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытып, олардың термин сөздердің мағынасын түсінулерін, сөздік қорын молайтуларын, математикаға қызығушылықтарымен қатар жауапкершіліктерін сезіндіруді қамтамасыз ететін тапсырмаларды жоспарлау – олардың мұғалімге сенімділігін, білім алуға ынтасын арттырады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модульін қалған алты модульмен байланыстыра отырып, оқушыларды тапсырмалар орындау барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, олардың арасында талантты және дарынды балаларды анықтай аламыз.
Ақпараттық технологияны пайдаланудың артықшылықтары: білім мазмұныны заман талабына сай болуы, қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенуі , өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды.
Ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту нәтижесінде оқушылар:
- Оқу материалын терең түсінеді
- Оқу ынтасы артады
- Есте сақтау қабілеті жоғарылайды
Бұдан шығатын қортынды, сабақ жоспарланған кезде білім алушыларға қандай білім қажет, олар өз жасында нені білуі тиіс, нені істей алуды үйрену керек, нені түсіне білу керек және қандай қорытындылар шығаруы мүмкін деген сұрақтарға жауап беруіміз қажет. Менің түсінгенім, болашақта әрбір сабақ жақсы нәтиже беру үшін және білім алушылардың өз деңгейінде білім алуларын қамтамасыз ету үшін «Оқушыларды жас ерекшелістеріне сәйкес оқыту және оқу» модульін пайдалану өте маңызды. Себебі, әр сынып оқушылары бір-бірінен ерекшелінеді. «Жеті модульге бағытталған бағдарламаның теориялық негізі» туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы сабақтарымда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды үйрендім. Бірлесе отырып жоспар құру, ой тастау, пікір алмасу, ұсыныс айту арқылы оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесу барысында оқушыларымызға сапалы білім беріп, жаңа оқушыны қалыптастыру, яғни, өзгерту.
Математиканы оқыту барысында өзіндік ойын, көзқарасын жеткізе алатын, қоршаған ортамен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, іскер азамат тәрбиелеп шығару арқылы құзыреттіліктерін дамыту жолында атқарар еңбектеріміз әлі алда деп ойлаймын. Мен, білім алушылардан мынандай нәтижелер күтетінімді айтар едім:
- Топпен жұмыс жасауды;
- Өз ойын, өз пікірін білдіре алады;
- Сөйлеу дағдысы қалыптасады;
- Өз жетістігіне деген мақтанышы артады;
- Жауапкершілігі артады;
- Ынтымақтастық нығаяды;
- Зияткерлік қабілеті артады;
- Шығармашылығы жоғары болады;
- Белсенділігі артады;
- Білім сапасы артады;
Біз білім алушыларды даму кезеңдері аясында шектемеуіміз керек, керсінше барлық жастағы оқушыларды бай эксперименталдық және әлеуметтік ортамен қамтамасыз етуге тиістіміз.
Мұғалім үшін білім алушылар жеке тұлға болып табылатын сыныптарда және мұғалімнің кәсіби ойы оқу бағдарламасына емес, білім алушыларды оқу үдерісіне бағытталған сыныптарда табысты шешімін табады деп ойлаймын. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту қызықты, тартымды, маңызды болуы қажет және оқушының білімін дамыту үшін жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер:
- Республикалық «Математика және физика» журналы
- Республикалық «Ашық сабақтар» журналы
- Жаңартылған бағдарлама бойынша курс материалдары