Home » статьи » Ұлттық ойын-ұлттық қазына

Ұлттық ойын-ұлттық қазына


Ельшибаева Нургуль Арыстанбеккызы
Түркістан обылысы, Созақ ауданы, Қыземшек кенті
«Самал» бөбекжай-бақшасы
тәрбиеші

Тақырыбы: «Ұлттық ойын-ұлттық қазына»

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Дене шынықтыру
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің  мақсаты: Ұлттық ойындарды  дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру. Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: қапшық, арқан, жылқы, теңге, пазл, ою, асық, т.б.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер бүгінгі «Ұлттық ойын-ұлттық қазына» отбасылық сайысы атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Екі тобымызды жарысқа ортаға шақырайық.
Күй күмбірімен балалар «Секіртпек» ойыны арқылы залға кіреді.
Әнұран орындалады.

Ж.Д.Ж

Кіріспе бөлімі:

Сапта бір-бірінің артынан  жүру, қол белде  аяқтың ішкі,сыртқы қырынмен  жүру, жүгіру қолды кеуде тұстан ұстап аяқтың ұшымен жүгіру.тыныс алу жаттығулары.

Негізгі бөлім:

Ж.Д.Ж.

  1. Б.қ.аяқты алшақ қойып, қол белде, басты оңға,солға бұру 5-6 рет
  2. Б.қ.аяқты алшақ қойып, қол кеуде тұста, қолды алға созып, кеудемен оңға және солға бұрылу 5-6 рет.
  3. Б.қ.аяқты алшақ қойып, қолды белге ұстап, екі иықтты кезек-кезек көтеріп түсіру 5-6 рет.
  4. Б.қ.аяқты алшақ қойып, қапшықты қолға ұстап, қолды алдыға,жоғары , екі жанына созу 5-6 рет.
  5. Б.қ. қол белде, аяқты қапшықты айналу 5-6 рет. Тыныс алу жаттығулары.2-3 рет.

Қорытынды бөлімі:

Саппен  шеңбер бойлап бір-бірінің артынан  қол белде аяқтың ішкі,сыртқы қырынмен жүру, қолды кеуде тұстан ұстап аяқтың ұшымен жүгіру. Тыныс алу жаттығулары.2-3 рет.

Жүргізуші:

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Жүргізуші: Ал, енді «Ұлттық ойын-ұлттық қазына» — атты жарысымызды бастаймыз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.

Ойыншылар өз топтарын таныстыру.
1 — топ «Қошақан»

2 — топ «Ботақан»

Ұраны: «Ботақан» тобы
Ботақан алға

Жеңістен қалма.

Ұраны: «Қошақан» тобы
Қошақан алға

Құстардай самға.

Жүргізуші: Балалар және әкелер  сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін…

Сайыс шарттары:
1. Теңге алу
2. Қол күрес
3. Кілемше құрау
4. Кім жылдам?

5 Арқан тартыс

1.Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»
Ойын шарты: Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.

  1. Ойын: Ұлттық ойын « Қол күрес»
    Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне отырады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.
  2. Ойын: Кілемше құрау

Ойын шарты: бір-бірінің  қолдарынан ұстап, жыланша ирелеңдеп, кедергілердің арасымен жүріп межедегі пазл суреттерден кілемшенің суреттерін құрап шығу керек.

  1. Ойын: Кім жылдам?

Ойын: Әр ойыншы алдарында тұрған оюлардың үстіне  асықтарды жылдам орналастырып шығу керек.

  1. Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
    Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген қатысушылармен ойналатын ойын. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар, әкелер тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан — жақты жетілдіруге бағытталған.

Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойын-ұлттық қазына» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен «Ботақан» және «Қошақан» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Екі топ мақтау қағаздарымен марапатталады. Құрметті келген қонақтар, әкелер осымен спорттық сайысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*