Байдуллаева Диана Смаиловна
Турсинбаева Оксана Базарбаевна
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
«№181 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК.
тәрбиешілері
Наурыз — күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаратын, бәріміз үшін берекенің бастауы болған мейрам. Тамыры тереңге кеткен мереке-халқымыздың болмасы, ырысы мен бірлігі, өнері мен мәдениеті, дәстүрімізбен діліміздің өзегі. Халқымыз үшін қасиетті де қадірлі мейрам – Наурыз мерекесі жыл сайын кең көлемде аталып өтеді. Бұл мерекенің маңызы – жаңа жылдың, жаңа өмірдің, табиғаттың жаңаруын білдіруінде. Осындай игі дәстүрді жалғастыра отырып, Алматы қаласы, Алмалы ауданы КМҚК «№181 бөбекжай-балабақшасында» КМҚК.Мектепалды «Бәйтерек» тобының Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойланды. Балабақша ұлттық нақышта безендірілді. Топ тәрбиеленушілері ұлттық киімдерін киіп, мерекенің ажарын аша түсті. Топ тәрбиешілері: Байдуллаева Диана Смаиловна, Тұрсынбаева Оксана Базарбаевна, Музыка жетекшісі: Бекова Мақпал Багдаулетовна мен тәрбиеші көмекшісі: Жақан Ақбике Сейдуллақызы және ата-аналар бұл шараға белсенді қатысып, ұлттық дәстүрлерді ұлықтауға өз үлестерін қосты.
Наурыз тойы қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеуге бағытталды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер әсем әндер шырқап, мың бұрала би биледі. Кішкентай өнерпаздардың орындауындағы халық әндері көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен қатар ұлдар қазақтың «Батырлар» биін билеп, қыздар «Шашу» биімен өз өнерлерін ортаға салды. Балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілердің дайындаған көріністері де ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар ата-аналар ұлттық аспапта домбырада күй шертіп ән айтып мерекеге өз үлестерін қосты.
Наурыз мерекесінің басты ерекшеліктерінің бірі – ұлттық ойындардың ойнатылуы. Дене шынықтыру жетекшісі: Әбушахман Бекарыс Әміреұлының жетекшілігімен «Тақия тастамақ », «Қол күресі» сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойындар балалардың ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін шыңдап қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Балабақша ұжымы бұл іс- шараны тәрбиелік мәні зор мереке ретінде ұйымдастырып, балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге ерекше мән берді.
«№181 бөбекжай-балабақшасында» өткен Наурыз мерекесі балалар үшін танымдық әрі қызықты іс-шара болды. Балабақша ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген бұл мереке ұлттық мәдениеттің ұлықталуына, балалардың салт-дәстүрлерді терең түсінуіне ықпал етті. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, ұлттық тәрбие беруде үлкен рөл атқарады.
Наурыз – тек көктемнің ғана емес, татулық пен бірліктің, мейірімділік пен ізгіліктің мейрамы. Бұл мереке әр шаңыраққа шаттық, молшылық, береке әкелсін!