Home » Новости » Ұлттық құндылықты ұлықтау — ұрпақ алдындағы міндет

Ұлттық құндылықты ұлықтау — ұрпақ алдындағы міндет

Ұлттың ұлт болып қалыптасуы ең алдымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуден бастау алады. Ұлттық құндылықтарымыз – ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Ұлттың қорғаны – бұл біздің ұлттық болмысымызды көрсететін тіліміз, дәстүріміз және рухани мұрамыз. Ұрпақ бойына осынау асыл қасиеттерді сіңіру мақсатында Алматы қаласы,
Түрксіб ауданы,
№167 бөбекжай-балабақшасында “Ұлттық құндылық” тақырыбында
іс-шара өткізілді.

“Ботақан” ортаңғы тобының тәрбиеленушілері және
ата-әжелеріміз қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары педагогтар: Адилбекова Насират және Шеримбетова Ұлдана ханымдар. Атамыз немерелеріне қазақтың ұлттық ойыны «асық» туралы, «Қамшы және өрім түрлерін» түсіндіріп,
құнды ақпараттармен бөлісті.
Әжелеріміз киіз басып, ұлттық оюлардың түрлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, ересек «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушілері және
ата-аналарының қатысуымен
“Үштік одақ. Бала — Ата-ана — Балабақша” тақырыбында іс-шара өткізілді.

Баланың бақытты болуы –ата-ананың көңіл бөлуіне және балабақшадағы білімге байланысты.
Аналарымыз бұл күні киіз басып, нан жаюды үйретіп, әкелеріміз өмірден түйгенін әңгімеледі. «Әкенің кәсібі, ананың рәсімі» деген қағиданы ұмытпауымыз керек. Яғни, балаларды жастайынан әке кәсібіне, ал қыз балаларды анасының рәсіміне баулу бұрыннан келе жатқан дәстүріміз.
«Бала- Ата-ана — Балабақша» ынтымақтастығының негізіндегі тәрбиелік шаралардың ұрпақ тәрбиесінде ролі зор.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» — деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы шешуші рөл атқарады.
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, ұрпағымыз бақытты болсын!

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Амангелдіқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*