Канатова Маржан Толеуовна
№30 «Қайнар» шағын орталығы
Тәрбиеші
«Айгөлек» тобы
«Қазақстан-Республикам менің!» атты ертеңгілік.
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптасытру. Мемлекеттік рәміздер,Ту, Елтаңба, Әнұран туралы түсінік терін кеңейту. Отансүйгіштікке, достыққа бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстанның картасы, жалаушалар, шарлар, ұлттық киімдер. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранның сурет.
Ертеңгіліктің барысы:
(зал көктем мерекесіне орай безендірілген балалар әдемі әуенмен залға кіреді).
Балалар әнімен залға кіріп, билеп тоқтайды Фанфар ойналып жүргізуші ортаға шығады
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті балалар, әріптестер, ата-аналар! Бүгін- ерекше күн , қазақ халқының мақтанышы — Қазақстан республика күні. Дүниені дүр сілкіндірген кешімізге қош келдіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға аманшылық тілейміз.
Балалар айтады: Құтты болсын! 3 рет
Апаймен бірге келеді:
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Әнұран:
Ортад балалар тақпақтар айтады.
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің Қазақстан.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүеміз
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
Отан деген – атамекен
Отан деген туған жер
Отан-ана
Отан-үлкен
Қазақстан туған ел!
Ән «Біз бақытты баламыз» (бәрі бәрге)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
«Мемлекеттік рәміздер».
- Берілген сұрақтарға толық жауап береміз.
- Ту, Елтаңба, Әнұранды бір сөзбен айтқанда қалай аталады? (Рәміздер)
- Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
- Елтаңбаның авторлары кім? (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
- Әнұранның авторлары кім? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқовтікі)
- Тудың түсі қандай? ( тудың түсі көгілдір)
- Туда нелер бейнеленген? (Туда алтын күн, қыран құс, ұлттық өрнек бейнеленген)
- Елтаңбада нелер бейнеленген? (Елтаңбада шаңырақ, уықтар, қос пырақ, «Қазақстан» деген жазу жұлдыз бейнеленген)
- Көгілдір түс нені білдіреді? (Көгілдір түс ашық аспанды білдіреді)
- Алтын күн нені білдіреді? (Алтын күн байлықты білдіреді)
- Қыран құс нені білдіреді? (Қыран құс, қырағылықты білідреді)
- Шаңырақ нені білдіреді? (Шаңырақ отбасын білдіреді)
- Қос пырақ нені білдіреді? (Қос пырақ шексіз дамуды білдіреді)
Жұлдыз нені білдіреді? (Жұлдыз бес құрлықты білдіреді)Мақал- мәтелден жарысады. Отан туралы қанша мақал білетіндерін тексереміз.
- Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас
- Отан оттан да ыстық.
- Туған жердің жуасы да тәтті
- Отансыз адам -ормансыз бұлбұл
- Ел мен жер егіз
- Ел іші-алтын бесік
- Өз елің -өлең төсегің
- Туған жердің ауасы да шипа
- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
Отанды сүю- отбасынан басталады.
ОРКЕСТР Ал біз осы аспаптармен оркестр ойнайық,ия балалар?
Сөзі би айтыс тұралы. Балалар сендер әдемі би білесіңдерме? Қане ұлдардың биін тамашалайық
Би «Қара жорға» (ұлттық би билейді)
Би «Домбырамен» қыздар. (бәрі)
Жүргізуші: Жарайсындар балалар!
Балалар: Әдемі ән айтамыз
Фанфары:
Жүргізуші: шығады ортаға (сөзі мереке тұралы) жылы сөзін айтамыз
Тақпақтар:
Өз Отандарына қандай тілек айтасыңдар? Балалар жүрек макетін бір -біріне жалғастырып Отаным деген тілектерді айтады.
Мен Отаныма бейбітшілік тілеймін,
Мен Отаныма тыныштық тілеймін.
Мен Отаныма жарқын болашақ тілеймін,
Мен Отаныма халықтар достығын тілеймін .
Мен Отаныма бірлік тілеймін ,
Мен Отаныма ашық аспан тілеймін.
Мен Отаныма шексіз даму тілеймін,
Мен Отаныма береке тілеймін.
Мен Отаныма жақсылық тілеймін,
Мен Отаныма дәреже тілеймін.
Мен Отаныма даңқ тілеймін,
Мен Отаныма дәулет тілеймін.
Мен Отаныма бақыт тілеймін,
Мен Отаныма өркениет тілеймін.
Мен Отаныма тәуелсіздік тілеймін,
Мен Отаныма ақ жол тілеймін.
Балалар осымен біздің сайсымыз аяқталады. Сендерге көп -көп рахмет Сендер Отан туралы көп нәрсені ұқтыңдар
Қорытынды: Балалар қане есімізге түсірейік бүгінгі сабақты. Жалпы санамызға ұғып алдық па? Отан оттанда ыстық.
Ән «Балабақша арайлым»
Жүргізуші: Міне, осымен мерекеміз де соңына жетті. Тәуелсіз Байтақ Еліміз мәңгі жасасын! Көгімізде күн көзін шашып, күлімдеген бақытты балаларымыз, шаттыққа бөленсін! Ал тәттілерсіз қандай той өтетін і еді? Қазақтарда жақсы дәстүр бар: кез келген жағымды оқиғаға «шашу» шашады (бақыт, береке тілеп шашу). Бәріңізге зор денсаулық, бақыт, татулық тілейміз!