Home » статьи » Семейлік оқушылар жасанды интеллект олимпиадасында жеңімпаз атанды

Семейлік оқушылар жасанды интеллект олимпиадасында жеңімпаз атанды

Семейлік оқушылар жасанды интеллект олимпиадасында жеңімпаз атанды

Елордадағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінде 10–12 сынып  оқушылары  арасында  алғаш  рет  жасанды  интеллект  бойынша  желілік олимпиада өтті.  Білім бәйгесі дәстүрлі«Наурыз кездесулері» аясында ұйымдастырылды.

Бұл олимпиада жас ұрпақтың жасанды интеллект саласындағы білімдері мен дағдыларын арттыруғабағытталған маңызды қадам болды.

Олимпиадаға қатысқан 150-ден астам NIS оқушысыныңарасынан Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларыӘлемжан Ахметжанов пен Әкежан Асқар үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі I орынға ие болды. Болашақ IT мамандары екі күн бойы күрделі тапсырмаларды орындап, өздерінің жасанды интеллект саласындағы білімдеріншыңдап, тәжірибе алмасты.

NIS Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин бұл шараныңоқушылардың болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, оның білім мен технология саласындағы жаңамүмкіндіктерді ашатынын ерекше атап өтті:

-Өткен жылы алғаш рет Хакатон ұйымдастырып, оқушыларымыздың ерекше дарыны мен шығармашылық әлеуетін байқадық. Бұл шара идеяларалмасуға және инновациялық шешімдер ұсынуғаарналған тамаша алаң болды. Ал бүгінгі олимпиада – шәкірттеріміздің жасанды интеллект саласындағыбілімі мен дағдыларын тереңдетуге, осы бағыттағыозық технологияларды игеруге мүмкіндік берген тағыбір маңызды қадам.​

Бұдан бөлек, Қазақстан-Британ техникалық университеті Әлемжан Ахметжановқа білім беру грантын табыстады. Ал Әкежан Асқар тапсырмаларды ең жылдам орындағаны үшінарнайы
номинациямен марапатталып, AI-Academy жасандыинтеллект бойынша курстарға тегін оқу мүмкіндігін алды.

Бұл олимпиада жас ұрпақтың болашақтағы жетістіктеріүшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Жасанды интеллект саласында білім алып, осы бағытта білімдерін тереңдеткеноқушылар еліміздің ғылыми және технологиялық дамуынаөз үлестерін қосатынына сеніміміз мол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*