Құдайберген Майгүл Қуатқызы
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
«№203 ЖББМ» КММ
«Менің мектебім-менің мақтанышым»
Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы, білім ордасы. Білім алып өздерінің жарқын болашағын қалаушы. Әр адамның өмірінде мектептің алар орны ерекше. Мектеп – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу. Шығыстың бір ғұламасы: “Ғалым болу оңай, адам болу қиын” – деген екен. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.
«Ұстаздақ еткен жалықпас» демекші ауызбіршілігі жарасқан, білімді де білікті мамандары көп, өзіндік тарихы бар №203 жалпы білім беретін мектепте қызмет етемін. Мектеп- менің екінші үйім, менің тағдырым деп айтсам артық болмайды.
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп қазақ халқы айтқандай, мектеп –ғылым мен білімге, өрлеуге апаратын даңғыл жол. Иә мектеп, білім, ұстазым деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз “дарын жанып тұрған жалын”- дейді, әр оқушының өз таланты болады. Шәкірттері білімді, дарынды мектебім жайлы мақтанышпен айтқым келеді. Оқу мен оқытудың жүйелі жүргізілуін бақылау — мектеп басшысының үлкен абыройлы жұмысы. Аз уақыт ішінде мектебіміз облыстық, республикалық деңгейдегі өткен білім саласы жағынан болсын, әр түрлі мәдени шараларда болсын жоғары дәрежелі деңгейде, жоғарғы көрсеткіштерге ие болғаны үшін марапатталып жүр. Менің мектебім-менің мақтанышым! Неге десеңіз, заманауи талаптарға сай, терезесі тең білім ордасы. Мектеп ұстаздарының арқасында түлектерінің білімділігі мен шығармашылығының нәтижесінде мектебіміз алдыңғы қатарда келеді. Мектебімнің осы күндері мәртебесі биіктеп, түлектері көптеген беделді оқу орындарына түсіп, өнерлі жастары өркендеп өсуде. Әр оқу жылы, әр оқушыға өз жаңалығын әкеледі.
Мектебім — менің мақтанышым, киелі алтын ордам. Арманым көп, алдыма қойған мақсатымда көп. Сол арманға, мақсатыма жететініме сенімдімін. Мен қазір мектебімнің жетістігіне мақтанамын. Ал келешекте, мектебім менің қол жеткізген нәтижелеріме мақтанса деген ойдамын. Өсе бер, өркендей бер менің сүйікті мектебім!
Мектебім менің жәннәтым
Жаныма медеу болатын
Тәрбиелейміз шәкіртті
Жүлделі орын алатын
Мектепке салған бар күшін
Сыйлаймын #203 мектеп басшысын
Бәріне қарап құрметпен
Айта білген нақтысын.
Кәзір мектеп гүлденген
Әдемі боп түрленген
Кітапханамыз әдемі
Кітаптардың әлемі
АКТ залымыз керемет
Мектебіміздің сәні еді
Жабдықталған кабинет
Болса болды ақ ниет
Химия, физика тарих бар
Бар білімді анықтар
Биология, матем, бастауыш
Берекені сақтағыш
Ал спорт залымыз тым ерек
Роботатехника бір бөлек
Осындай мектеп тұрғанда
Шәкіртке тек оқу керек.