Home » Новости » «Үздік педагог – 2024»  байқауы өтті

«Үздік педагог – 2024»  байқауы өтті

Алматы  қаласы Әуезов ауданы бойынша «Үздік педагог – 2024»  байқауы өтті. “Үздік педагог-2024” байқауының аудандық кезеңі өтіп, Әуезов ауданы Білім бөлімінің басшысы Саттарова Гульнара Рахимовна және аудандық Білім бөлімінің әдіскері Ногайсарина Гульнар Жунисбековна байқаудың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады

Мақсаты: Педагогтердің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, ұстаз мəртебесінің артуына, білім беру саласына тəуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында қоғамдық сектордың маңыздылығы зор. Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді орындап, қоғамда педагог мəртебесін көтеру, білім саласында өз жұмысын адал, сапалы əрі жауаптылықпен орындайтын білікті мамандарды ынталандырып, өзге əріптестеріне үлгі ету. Байқауға құжаттар қабылдау мерзімі бойынша қабылданды.

Конкурс үш кезеңнен:
1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз)
2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек);
3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz  веб-порталында жүзеге асырылды.
         

Алматы қаласы   Әуезов ауданы бойынша  «Үздік педагог-2024ж» байқауына 13 педагогтер қатысты. Олар: №104, №139, №175, №72, №173, №5, « Мамандырылған білім инновация» лицей –интернаты, №132, №6, №133, №175, №202, №6 мектептерде қызмет атқарып келеді. Солардың арасынан   бес мұғалім  «Үздік педагог-2024ж» байқауының қалалық кезеңіне қатысуға  келесі педагогтер  ұсынылды. Олар:  «№173 мектеп-лицей» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Копбаева Жанар Ордабековна, №104 жалпы білім беретін мектептің  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Салимов Дастан Маликович, №139 мектеп-гимназияның музыка пәнінің мұғалімі Шамшиева Патима Жакиппаровна, «Жаңа ғасыр» №175 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Анарбекова Әлия Усеновна, №72 жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі Кузенбаев Жасұлан Кәрімұлы.

Осы орайда біз «№173 мектеп-лицей» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Копбаева Жанар Ордабековна жайлы сөз қозғасақ.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұстаздың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Жанар Ордабековна — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Мектепке мұғалім болып келген сәттен бастап, әріптестерінің ортасында білімділігімен бірден көзге түскен.

Оның айтуынша: әр сабақ өткен сайын демалып, жаңа мәліметтермен бөлісіп, шабыттанып кетеді екен. Осы мамандыққа келгеніне біраз жылдың жүзі болса да, ешқашан өкініп, әттеген-ай деген күні болмаған. Сөздерінен өз мамандығын сүйетіні, міндетін адал атқарып келе жатқаны анық байқалады!

«Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым — өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, қазақ елін әлемдік кеңістікке еркін самғата алатындай, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу»,- дейді Жанар Ордабековна. 

Бүгінгі түйген ойымыз: Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы қажет. Өйткені, әрбір адамның болашағы-тандаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам, өзін бақытты сезінеді екен!

 

«Білім айнасы»
Алматы қаласы
Сандуғаш Нурсеитова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*