Home » статьи » ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – БАЛАБАҚШАДА

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – БАЛАБАҚШАДА

 «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
Әбу Насыр Әл-Фараби

Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген. Ол туралы ел ішінде айтылатын қанатты сөздер мен тәмсілдерден көруге болады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді. Яғни, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасында алған тәрбиесі баланың адам болып қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор. Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық салт-дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі.

Балабақшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету. Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканың асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қилыстыру.

Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленушілерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Бүлдіршіндердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп, тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу.  Қайырымдылықты–халықтан, пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты іс-әрекет қызметін ұйымдастыруда үйреніп, алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру.

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: – белсенді қарым-қатынас: баламен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; – индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; – өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; – шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Сондықтан да қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі мен әдет ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Бала тәрбиесінде халықтық, тұрмыстық салт-дәстүрдің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата –баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуміз қажет.

Ұлттық тәрбиенің өрісі мен өресі –бүгін де, ертең де, халық үшін көкейтесті мәселе. Ұлттық мәдениет болмаса ұлт сақталмайды. Ал балабақша ұлттың да, ұлттық мәдениеттің де, өмір сүруімен дамуының алғашқы баспалдағы болып саналады.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы
«№167 бөбекжай-балабақшасы»
меңгеруші:Тайтелиева Г.К.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*