Home » статьи » Бастауыш сыныпта ойын технологияларын тиімді қолдану

Бастауыш сыныпта ойын технологияларын тиімді қолдану


Тулегенова Мирамгуль Сайлаубековна
Ақмола облысы Целиноград ауданы
«Жаңа Жайнақ ауылы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сыныпта ойын технологияларын тиімді қолдану

«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, қиялсыз, шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.» – В.А. Сухомлинский

Бастауыш сынып – баланың танымдық белсенділігі, қызығушылығы және шығармашылық қабілеттері қарқынды дамитын кезең. Осы жастағы оқушылар үшін ақпаратты қабылдау мен меңгерудің ең тиімді жолдарының бірі – ойын арқылы оқыту. Ойын технологиялары баланың оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттырып, оның білімді жеңіл әрі тез қабылдауына ықпал етеді. Ойын технологияларын бастауыш сыныпта тиімді қолданудың маңыздылығы, әдістері мен артықшылықтары қарастырамын.

Ойын – баланың табиғи әрекеті. Ол оқушылардың оқу материалын жеңіл меңгеруіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Педагогикалық ойындардың басты ерекшеліктері оқушылардың қызығушылығын ояту, белсенділікті арттыру, ұжымдық жұмысқа дағдыландыру, танымдық және логикалық ойлауды дамыту болып табылады.

Дидактикалық ойындар – белгілі бір оқу мақсатына бағытталған ойын түрлері. Олар оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Мысалы: «Сөз құрастыру» (ана тілі пәнінде);

«Сандар әлемі» (математика сабағында);

«Жануарларды тап» (дүниетану сабағында).

Рөлдік ойындар — оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытуға бағытталған. Рөлдік ойындар арқылы балалар әртүрлі әлеуметтік жағдайларды талдап, өз ойларын еркін жеткізе алады. Мысалы, «Сатушы мен сатып алушы» ойыны сауда қатынастарын үйретсе, «Дәрігер мен науқас» ойыны медициналық терминдерді меңгеруге көмектеседі.

Қозғалыс ойындары — баланың денсаулығын нығайтып, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырады. Олар әсіресе дене шынықтыру, сергіту сәттері мен бастауыш сынып сабақтарында қолданылады. Мысалы: «Кім жылдам?» (жылдамдық пен зейінділікті дамыту үшін), «Қозғалысты қайтала» (координацияны жақсарту үшін).

Қазіргі заманғы білім беруде цифрлық технологиялар маңызды рөл атқарады. Интерактивті тақтада немесе планшет арқылы ойналатын ойындар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Мысалы: онлайн викториналар (Quizizz, Kahoot!), пазлдар мен логикалық тапсырмалар (LearningApps).

Квесттер – тапсырмалар мен логикалық ойлауды қажет ететін ойын түрі. Олар оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытады. Мысалы, математика сабағында «Жасырын қазына» ойынын ойнатып, есептер арқылы тапсырмаларды орындауға болады.

Ойын технологияларын қолданудың артықшылықтары оқуға деген қызығушылықты арттырады. Балалар ойын кезінде білімді еркін қабылдайды, танымдық қабілеттерді дамытады, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою қабілеттерін жетілдіреді, шығармашылыққа баулиды, еркін ойлау, жаңа шешім табу, қиялды дамытуға ықпал етеді, әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады. Оқушылар өзара қарым-қатынас жасап, топтық жұмысты үйренеді. Психологиялық жайлылық тудырады. Ойын кезінде балалар өзін еркін сезінеді, бұл олардың өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі.

Ойын – баланың табиғи дамуының негізгі құралы. В.А. Сухомлинский атап өткендей, ойын, музыка, ертегі, қиял және шығармашылық – ақыл-ой тәрбиесінің ажырамас бөлігі. Балалар үшін оқу қызықты әрі нәтижелі болуы үшін мұғалімдер ойын технологияларын тиімді қолдануы керек. «Ойнап үйренген – ойлап үйренеді» дегендей, білім мен ойын үйлескенде ғана оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігі артып, оқу процесі жемісті болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*