Home » Детский сад » Ана сүті-тәрбиенің бастауы

Ана сүті-тәрбиенің бастауы

Алматы шаһары  №169 бөбекжай-балабақшада «Мейірімді Ана,ақылды қыз» атты отбасылық өнер сайысы өтті.

Мақсаты:Ата-аналармен тығыз байланыс орнату, балаларды өнерге баулуда ынтымақтастықпен жүргізген жұмыстың нәтижелі болатынына көз жеткізу. Балалардың өнерге қызығушылығын арттыру.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші роль атқарады. Халқымыздың даналығында «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің қомақты үлесіміз болып табылар еді. Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Сайыстың ережесі арнайы бекітілген бес кезең бойынша қатысушылар бақ сынады:
   

1.Таныстыру  (Әр топ өзін қызыл тілдің құдіретін көрсетіп таныстырады)
2.Қатысушылардың үй тапсырмасы
3.Әділқазы алқасының  тосын тапсырмасы
4.Өнер көрсету (Әр қатысущы өз өнерін  көрсетеді
5.Сән үлгісі

Қойылған талап бойынша өнерпаз бүлдіршіндеріміз өз Аналарымен ортада өнерлерін көрсетті.Қолдап келген қонақтардың санында шек жоқ. Қолдау – басты қағида
Әрдайым балаларға қолдау көрсету арқылы, оларға сенімсіздікке берілмеуге үйретеміз. Қандай нәтиже болса да, олар өнер арқылы өздерінің ерекше екенін түсінуі керек.Өнеге мен өсиетке толы іс-шараға ата-аналарымыздың да алғысы шексіз: Ұстаздықтың мәңгілік мәртебелі мамандық екені айтылып, олардың еңбегіне шынайы ризашылық білдірілді. Бұл – кейінгі жас мамандарға өнеге боларлық игі дәстүр екені сөзсіз-деді Нұрмағанбетова  Динара,Шалдыбаева Жанагул атты топтың аналары.Иә, ана мен қыз арасындағы байланыс – ерекше болып қала береді.Ана қызына өмірдің қиындықтарына мойымауды, білім алуға ұмтылуды, отбасын қадірлеуді үйретеді. Мейірімді ана мен ақылды қыз – тәрбиенің алтын діңгегі. Әр ана өз қызын жүрегі таза, ақылы көркем, рухы мықты етіп тәрбиелесе, қоғамымыз да бақытты аналар мен инабатты қыздарға толы болмақ.  Қазақ халқында қыз тәрбиесіне өте қатаң қараған. Қатал қарағанымен, оларды құрметтеп төрге шығарған. Елдің алдында қыз баласының мәдениетіне аса көңіл бөлген. Мәселен, қызға қырық үйден тыю деген бар.
    
Халық даналығына таң қаласың.  Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева   «Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс. Дана халқымыз «Қыз қылығымен сүйкімді» екенін ерте біліп, қызды қашанда «жат жұрттық» уақытша қонақ ретінде жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие берген. Бүгінгі біздің балабақшамызда өткен іс-шараның жоғары қарқында өтуі осы ынтымақтастықтың арқасы деп айтуға әбден негіз бар.  «Қыз өссе-елдің көркі»-демекші,ертеңіміздің жұлдызы жарқырауы сізбен біздің қолымызда. Біздегі тілек бір-ел ертеңі жарқын болсын!

Алматы қаласы
ҚМҚК №169 бөбекжай- балабақша меңгерушісі
Алиева Багила Куралбаевна

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*