Home » статьи » Заманауи білім берудегі оқушы шығармашылығын қалыптастыру және дамыту жолдары

Заманауи білім берудегі оқушы шығармашылығын қалыптастыру және дамыту жолдары

Алматы қаласы
№36 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Иманбаева Майгүл Тәңірбергенқызы


«
Заманауи білім берудегі оқушы шығармашылығын қалыптастыру және дамыту жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2025 жылдың 26-27 наурызында Алматы қаласында «Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия» КММ ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Заманави білім берудегі оқушы шығармашылығын қалыптастыру және дамыту жолдары» тақырыбындағы бұл конференция «Алматы қаласы мектептері» жобасы аясында өткізілді. Конференцияға еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстан мен Украинадан қатысушылар онлайн және офлайн форматта жиналды. Шетелдік қонақтар Zoom платформасы арқылы қосылды.                    Конференцияның  ашылуында «Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия» КММ директоры Аксерикова Ақмарал Мағжанқызы сөз сөйлеп, конференцияның маңыздылығын атап өтті. Ол бұл іс-шараның білім беру саласында жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылықты дамыту жолдарын талқылауға мүмкіндік беретін ерекше алаң екенін айтты. Сонымен қатар, ол халықаралық деңгейде білім беру жүйелерінің өзара тәжірибе алмасуының маңыздылығын тілге тиек етті.

Конференцияны «Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия» КММ директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Нақысбекова Гүлжанат Нояновна жүргізді. Гүлжанат Нояновна өз сөзінде конференцияның маңыздылығын атап өтіп, білім берудің жаңа әдістері мен оқушы шығармашылығын дамыту жолдарына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл конференция білім беру саласындағы тәжірибе алмасу мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң болып табылады.

Конференцияға шетелдік қонақтар да белсене қатысты. Өзбекстан мен Украина елдерінен қатысқан ғылыми қызметкерлер өз елдеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен жаңа технологияларды енгізу тәжірибелері туралы әңгімеледі. Шетелдік қонақтар онлайн қосылып, өз баяндамаларын ұсынды.

Өзбекстан Республикасынан қатысқан Салиева Дилором Абдулаевна, Коконд педагогикалық институтының практикалық психология кафедрасының доценті, өз баяндамасында «Психологиялық аспекті при выборе профессии» тақырыбын талқылады. Баяндамашы жастардың кәсіби таңдаудағы психологиялық ерекшеліктері мен оның тұлға дамуына әсері туралы айтты. Тыңдаушылар практикалық кеңестер мен ұсыныстарды үлкен ықыласпен тыңдады.

Ал Украина елінен қатысқан Васильев Иван Борисович, Харьков қаласының ПТО ғылыми-әдістемелік орталығының докторы, профессор, үздіксіз кәсіби педагогикалық білім лабораториясының жетекшісі, шығармашылық және педагогикалық процестердің оқушының тұлғалық дамуындағы рөлі туралы баяндамасын ұсынды. Оның «Развитие и формирование творческой деятельности учащихся современной школы» тақырыбындағы баяндамасы тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Ол қазіргі мектепте шығармашылықты дамыту үшін қажетті әдіс-тәсілдер мен педагогтердің рөлі туралы баяндады.

Бұл конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері де қатысты. Олар білім беру саласындағы жаңа зерттеулер мен инновациялық әдістерді ұсынды. Алматы қаласы білім басқармасының өкілдері мен педагогтары білім беруді жаңғырту бағытында бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігін атап өтті.

Конференцияға қатысушылар өз баяндамалары мен тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді енгізу және оқушы шығармашылығын дамыту жолдарын кеңінен талқылады. Сонымен қатар, түрлі халықаралық білім беру тәжірибелері мен әдістемелерін біріктірудің маңызына назар аударылды.

Конференцияда сөз сөйлеген әрбір баяндамашы өз саласындағы инновациялық жобалары мен әдістемелерін ұсынды. Олардың ішінде ерекше назар аударғаны — STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) білім беру, инновациялық әдістемелерді мектептерде тәжірибе жүзінде қолдану, білім беру контентін цифрландыру мен интерактивті платформаларды енгізу сияқты тақырыптар болды. Сонымен қатар, педагогикалық процестің әр қыры, оқушының сыни ойлауын дамыту, сондай-ақ шығармашылықты арттыруға арналған практикалық ұсыныстар конференцияның негізгі бағыттарын құрады.

Конференцияға қатысқан әрбір қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды. Алматы қаласының мектептері мен республиканың басқа өңірлерінен келген ұстаздар да белсене қатысып, өз тәжірибелерін бөлісіп, жаңа білім беру әдістерін меңгеруге мүмкіндік алды.

Қатысушылар мен баяндамашылардың ой-пікірлері мен ұсыныстары конференцияның басты нәтижесі ретінде алдағы уақытта білім беру саласындағы реформаларды одан әрі жетілдіруге, шығармашылық оқытуды және педагогтердің біліктілігін арттыруды көздейтін ұсыныстардың қабылдануына ықпал етті.

Конференция соңында қатысушылар мен ұйымдастырушылар білім беру жүйесіндегі тың бастамаларды жүзеге асыру үшін бірлесе отырып жұмыс істейтіндіктерін және шығармашылық қабілеттерді дамытудағы үздік тәжірибелерді әртүрлі деңгейде енгізу қажет екенін атап өтті.

Бұл конференцияның маңызды нәтижесі ретінде Қазақстан мен шетелдердің білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, педагогикалық жаңашылдықтарды бірлесе дамыту жолындағы мақсаттарға қол жеткізуге деген ынта-жігер артты. Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға білім беру саласындағы жаңа идеялар мен озық тәжірибелерді зерделеуге, сондай-ақ халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*