Home » статьи » Әке көрген оқ жонар

Әке көрген оқ жонар

Карипбаева Карлыгаш Кагазбековна
№146 бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі

Әке-биік, әке-тау, әке-шынар!
Отбасының басында…Жоқ!
Өмірдің басында ӘКЕ тұрар!

Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
КМҚК «№146 бөбекжай-балабақшасы»
“Әке көрген оқ жонар”
мерекелік іс-шарасын өткіздік. 

Іс-шараның жалпы мақсаты
әкелер өз ойларын ашық ортаға салу.
Сондай-ақ, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетіліп, әке туралы ән, күйлермен көркемделіп, тақырып бойынша берілген сұрақтар төңірегінде ой қозғалып, әңгіме өрбіді.

Әкелеріміз өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, құнды пікірлерімен бөлісіп, жас ұрпаққа келелі ой салды.

Бұл шараның да мақсаты бала тәрбиесіндегі әке рөлін нығайту, жас өркеннің бойына кішілік пен ізгілік нәрін себу еді.

«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды», — дейді халық даналығы. Әке қаласа да, қаламаса да ұлы үшiн нағыз ер жiгiт өнегесiнiң үлгiсi болып табылады. Бұл әке өз баласына ең жақсы деген тәлiм-тәрбие берем десе өзiнiң зиянды дағдыларынан бас тартып, өз тәртiбiн мұқият қадағалайды деген сөз. Өсiп келе жатқан жас ұрпақ бойында әкеге деген шексiз махаббат қана емес, құрмет, сыйластық болғаны өте маңызды. Қарапайым тілмен айтсақ, бала әкесiнiң орынды сөйлейтінін, жат әдеттер жасамайтынын, таза жүретінін, суда жүзе алатынын, отын жара бiлетінін, сабырлық сақтау қабiлетiн үлгі етуі керек. Сонымен қатар әкенің киiм киюi, түр-сипаты, жүрiс-тұрысы – балаға бағдаршам. Әке – асқар тау. Ол қанша қатал, талапшыл болғанымен кейде балаға шексіз мейірімін төгуі де керек. Ұлы қандай жағдай болса да, әкесiнiң оны жақсы көретiнiн, қашанда түсiне алатынын сезінуі тиiс.

Шара соңында «Менің әкем ең жақсы адам» әні шырқалып, әкелерді ерекше күйге бөледі.
Еліміз тыныш, балаларымыз бақытты болсын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*