Home » Новости » «ProfiTIME» ашық есік күні

«ProfiTIME» ашық есік күні

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жарлығында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай,
Алматы қаласы, Алатау ауданы,
№82 жалпы білім беретін мектебінде
ата-аналар мен 9-сынып түлектеріне арналған «ProfiTIME» ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл шарада техникалық және кәсіптік білім беру орындарының мамандықтары мен білім алу гранттары таныстырылды.

Бүгінде еліміздің экономикасы мен мәдениетінің қарышты дамуына байланысты кәсіптік мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Қазіргі кезеңде бізге  өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар,
сапалы да білікті мамандар қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі заман — бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы.

«Қай ұлт тарихын алып қарасаңыз да, ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым биік тұрады. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу – ұлттық мәселе. Осындайда ұлы Абайдың: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, жолдасынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» деген даналығы ойға оралады. Біздің алдымызға келген білім алушы – болашақ ұстаз, болашақ ата-ана, қасындағы жолдасына ықпал етіп, тағдырын өзгерте алатын қадірлі сыйлас құрбы. Бір үйдің көзінің нұры. Сондықтан, біз болашағын осы мектеппен байланыстырған әр шәкірттің жігерін жанып, сенім шырағын жағуды адамдық борышымыз санаймыз. Сан мыңдаған түлектеріміз еліміздің әр қиырында тәуелсіз Қазақстанның өркендеп, көркеюіне өз үлесін қосып келе жатқаны – біз үшін үлкен мәртебе», — дейді №82 жалпы білім беретін мектеп директоры Енсепбаева Сабила ханым.

Бүгінгі ашық есік күніне ынтымақтастық меморандумы бойынша Алматы қаласының 11 колледжінен мамандар келіп, оқу бағдарламаларын,  оқу-материалдық базасы мен оқу ғимараттарын таныстырды. Түлектерге кері байланыс жасауға пікір білдіруге, көкейкесті сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берді. Аталмыш шараны ұйымдастыруда белсенді болып, оқушылардың тың мәліметтермен сусындауына ұйытқы болған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Камзина Лейла Бақытжанқызы және кәсіптік бағдар беру маманы — Аженова Орынша Мырзашевнаға оқушылар мен
ата-аналар алғыстарын жеткізді.

Қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік берілуі үлкен нәтиже күттіреді. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Бүгінгі  жас – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Патриоттық рух та, рухани ерік — жігер де ортамен араласудан туындайды. Сондықтан бүгінгі «ProfiTIME»
өз жемісін көрсетеді деген үмітіміз көп.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Аманқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*