Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Білім басқармасы КМҚК «Nº57 бөбекжай-балабақшасында Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында «Берекелі дастархан» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
КМҚК «Nº57 бөбекжай-балабақшасы «Берекелі дастархан» тақырыбында “Гүлдер” тобымен тәрбиеші: Каскаева Салтанат және қазақ тілі мұғалімі: Шалаханова Алтыншаш балаларға ерекше сабақ өткізді. Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті
тағамдарды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқанын айтты. Ұлттық тағамдарды пайдалана отырып, балаларға құндылықты
және тағамдарға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында балалармен « Дәмін татып, атын ата» ойыны ойнатылды. Балалар берілген ыдыстағы тағамдардың дәмін татып, аттарын атады. Тәрбиеленушілер мен аналары бірігіп, ұлттық тағамымыздың бірі құртты өз қолдарымен жасады. Келген ата-аналар мен қонақтарға ыдыстағы дәмнен ұсынылды. Кейін сергіту сәті ретінде, тәрбиеленушілерді шаттық шеңберіне шақырып, тәрбиеші қазақ халқы және «Дыбыстар әлеміне саяхат» деп әртүрлі сұрақтар қойды. Жауап бергісі келген бала қолына допты алып, келесі сұраққа жауап беретін балаға алмасып беріліп отырды.
Кейін балалар өз орындарына отырып, ақ параққа бейнеленген әже, құс, аңның бейнесін тастармен безендірді.
.
Балабақшаның аурасы «біртұтас тербиені» бойларына сіңіріп, тұрғандай сезілді. Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, тәрбиеленушілерді “Ұлтжандылыққа” тәрбиелеп отырған КМҚК «Nº57 бөбекжай-балабақшасынан риза болып қайттым. Барша ұжымға шығармашылық табыс тілеймін!
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Елназ Тұрсынғалиқызы