Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде : «біздің нақты құндылықтарымыз болмаса, көшбасшы елдер қатарына қосылуымыз неғайбыл», — деген ұлттың келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға тоқталды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 2025- жылды 29-шы қаңтарында Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты №129 бөбекжай- балабақшасының меңгерушісі Беспаева Гүлжахан Тоқташбайқызының қолдауымен, ұжымының ұйымдастыруымен
«Мақал- сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы» атты мерекелік іс- шара өтті.
Іс- шараның мақсаты ата-анамен балалардың арасында қарым-қатынас, тәрбиесін, мәдениетін дамыту, екіжақты сыйластық, сыпайылық сақтау, үлгі болу…ұрпақтар сабақтастығын тәрбие жүйесіне енгізу. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты бойларына сіңіру.
Бұл іс -шараға мектепалды «Сұңқар», «Ақбұлақ» топтарының ата-аналарымен, балалары сүбегейлі үлестерін қосты. Ерекше атап айтсақ, тәрбиеленушілеріміз Серікбол Саяның атасы- Серікбол Қожекенұлы, Әнуар Айшаның әжесі- Сапи Ризагүл, Таңлабек Жансеріктің анасы -Сырғабаева Әсел, Жанатбек Айымның анасы- Каскаралова Жансая, Мұхан Әлинұрдың анасы- Есенбекова Ләззат.
Сайыс 5- бөлімнен тұрды, маржан сөздермен әрлеген қазақ тілі мұғалімі- Бегдаирова Гаухар Бекболатқызы және де музыка жетекшісі- Нұрым Әсел Тоқтарбайқызы әдемі қисынын келтіріп, тігісін жатқызды. Осы ата-аналарды, балаларды ұйымдастырған топ тәрбиешілері: Мамырханова Айгүл Бекеновна мен Асмагулова Гүлмира Маратқызы.
Бүгінгі іс-шараның төрелігін бағалаған әділ қазылар алқасы : « № 129 бөбекжай-балабақшасы» меңгерушісі -Беспаева Г. Т, балабақша психологі- Сахарханова Р. С, аға тәрбиеші- Нугманова Б. Т болды. Жоспарлаған іс- шара жоғары деңгейде өтті .Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» — деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы шешуші рөл атқарады.
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, ұрпағымыз бақытты болсын!