Жарылкасын Балжан
Алматы қаласы
№102 бөбекжай балабақшасы
мұғалім-логопед
Логопедиялық қызметті ұйымдастырудың инновациялық әдістері
Әлеуметтік құрылымның демократиялық қайта құрылуы инклюзивті білім берудің қарқынды дамуына ықпал етті, өйткені ол этникалық, тілдік, мәдени ерекшеліктеріне, психофизикалық ауытқуларына қарамастан барлығына кедергісіз кеңістік құруды қамтамасыз етеді.
2020 жылғы мәліметтер бойынша мектептепке дейінгі білім беру мекемесінде, инклюзивті оқытумен қамтылған денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі балалар саны 1100-ге жетіп отыр. Бұл тенденция біздің еліміз үшін әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, арнайы педагогикалық саланы жетілдіруді, заманауи технологияларды, лагопедиялық жаттығулар өткізетін кабинеттерді жаһандық техикалармен жабдықтауды, заманауи лабораторияларды ашуды қажет етеді.
Гуманизм қағидасына негізделген инклюзивті білім беру жүйесі барлық адамдардың қоғамда табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқыту ұйымдарына инклюзивтік білім беруді енгізу процесі – уақыт талабынан туындаған еді. Дегенмен де бұл — білім беру жүйесіндегі гуманизмнің қарқынды даму нәтижесі екенін де атап өту керек. Әрине, өскелең ұрпаққа, олардың физикалық, интеллектуалдық, этникалық мүмкіндіктеріне тәуелсіз сапалы білім беруді, тәрбиелеуді, дамытуды және әлеуметтендіруді қамтамасыз етуде практикада инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын және кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шешетін, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік білімдерді терең меңгерген арнайы педагогтер қажет. Педагог инклюзивті орта құру барысында баланың тұлғалық даму ерекшелігін ескеруі қажет. Соның ішінде балалардың тіліндегі кемшіліктермен жұмыс жасайтын логопедттер маңызды.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы – ол есту қабілетімен зердесі сақталған балаларда пайда болып, тіл жүйесінің барлық компоненттерінің (лексика, грамматика, фонетика, солардың салдарынан байланыстырып сөйлеуі) жеткіліксіз дамумен сипатталады. Балалар тілінің кемістігі ерте кезден басталады. Сондықтан да оларды қалпына келтіру үрдісі балабақшадан бастау алады.
Мeктeпкe дeйiнгi кeзeң-бұл aдaмғa өмipлiк құндылықтap жaйындa түciнiк бepeтiн aлғaшқы ұжым. Адамның қаншалықты деңгейде дамуы көбiнe oның сәби шaғындa қaншaлықты тәpбиe aлғaнына, кiмдepмeн қapым-қaтынac жacaғaнынa бaйлaныcты. Қaтынac apқылы бaлa aлғaш peт өмip жoлымeн тaныcaды және танымы қалыптасады. Осы кезеңде баланың тілінің дұрыс қалыптасуы маңызды. Сондықтан да бүгінгі педагогикалық үрдісте баланың тілін дамытуда логопедиялық жаттығулар мен заманауи әдістердің орны ерекше.
Логопедиялық әдістердің бірі С дыбысын автоматтандыру. Осы бағытта мектепалды даярлық тобымен ашық сабақ өткізілген болатын. Сабақтың мақсаты-С дыбысын дұрыс айту және тілдің фонетикалық, артикулляциялық мүмкіндігін дамыту. Буында, сөзде С дыбысының айтылу ерекшеліктерін үйрету. Осы бағытта бірнеше логопедиялық шаралар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, “Артикуляциялық гимнастика” қолданылды. Гимнастика барысында оқушылар еріннің қызметіне мән беру арқылы әртүрлі жаттығулар орындады.
Жаттығуларды орындаған кезде артикуляциялық қозғалыстардың анықтылығына; оларды қайталаудың жылдамдылығы мен икемділігіне, бір артикуляциялық қалыптан екіншіге ауысу білігіне назар аударылды.
Тыныс алу жаттығуларын сабақ барысында қолдану балалардың тыныс алу және дыбыстарды айту мүмкіндігін дамытты. “Аэропол” жаттығуында С дыбысының артикулляциялық өзгеру деңгейін анықтауға көмектеседі.
Балалар С дыбысының айтылу ерекшеліктерін негізге ала отырып, әртүрлі заманауи құралдарды пайдаланып, дыбыстарды қайталады. Артикуляциялық гимнастика және Тыныс алу жаттығулары баланың ойын сергітіп қана қоймайды, сонымен қатар дыбысты айту барысында қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалармен Дене шынықтыру минуты “Көңілді минут” өткізілді. дене жаттығуларының шағын кешені. Дене шынықтыру минуттары мен динамикалық үзілістердің мәні баланың шаршауын азайту, оның белсенді демалуын қамтамасыз ету және оқушылардың жұмыс қабілеттілігі мен көңіл-күйін арттыру болып табылады. Осы мақсатта балалармен Жүгіру жолы әдісі қолданылды. Балалар жолда орналасқан математикалық фигуралар орналасқан жолмен жүріп өтеді. Балалар бұл жолды өткен кезде дыбыстарды айтады.
Сонымен қатар балалардың дыбысты дұрыс айту дағдысын қалыптастыру мақсатында Логопедиялық әндер айтылды. С дыбысын автоматтандыру арқылы балаларға дұрыс дыбыстауды, сөйлемде сауатты қолдануды үйретті.
Са — са – са – бұл қу түлкі.
Су – су – су – ол орманда өмір сүреді.
Сы — сы – сы – түлкінің көп жұмысы бар.
Со – со – со – ол доңғалақты айналдырады.
Логопедиялық жаттығулар балалардың дыбыстарды фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты дұрыс айтылуына негіз болады. Мысалы, ік-ік-ік- күшік. Ма-ма-ма- алма. Іс-іс-іс-көкөніс. Осы сияқты логопедиялық жаттығулар баланың тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.
«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. Бірнеше рет қайталау керек.
«Ине» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Төбешік немесе жота» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
«Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.
«Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.
«Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.
Сонымен қатар балаларға жануарлардың суреттерін көрсету арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға, дыбыстауға үйретуге болады. Суреттегі жануарлардың атауымен, олардың өмір сүру тіршілігімен танысады. Балалар табиғатты қорғауды, экологияны сақтауды игереді. Өздері сурет технологиясы арқылы шығармашылық дағдысы дамиды.
Логопедттер инклюзивті білім беру ортасын құру барысында инновациялық, заманауи әдістерді қолданады. Балалардың мотивациясын дамытуға мүмкіндік береді. Терапияларды қолдану арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамытады. Музыканың ырғағымен тілдік, артикуляциялық жаттығуларды, тілдік массаждарды, гимнастикаларды жасау арқылы балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерін жоюға болады. Музыка терапиясы көру, есту және сенсорлық және тіл моторикаларын дамытады. Балалар музыка ырғағына әртүрлі қимылдар жасап, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіреді.
Музыкаға деген сүйіспеншіліктері қалыптасады. Музыка ырғағымен бірге сөйлеу моторикасы дамиды. Сонымен қатар ептілік, шапшаңдылық, белсенділік сияқты қасиеттері қалыптасады. Балалар тілінің дұрыс дамымауы, әріптерді дұрыс айта алмауы проблема болып табылады. Сондықтан осы мәселені әртүрлі логопедиялық жаттығулар, логопедиялық тренажерлар, фонематикалық дыбыстарды буынға бөлу сияқты заманауи әдістерді пайдалану арқылы алдын-ала түзету мүмкіндігі бар.
Мысалы, құм терапиясы арқылы бала өзінің қиялын, қол моторикасын дамытады. Құммен сурет салу бүгінгі білім беру жүйесінің инновациялық технологияларының бірі болып табылады. Құмды алақанымен ұстаған кезде бала белгілі бір шексіздікті сезінеді. Креативті ойлау дағдысы арқылы баланың өзіне деген сенімі артады. Сурет салу бала қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Педагог инклюзивті білім беру ортасын құру барысында отбасымен бірігіп жұмыс жасайды. Себебі, баланың толықанды әлеуметтенуіне отбасы негіз болады. Ата-аналармен кездесу ұйымдастырып, олармен кеңеседі.
Кеңес беру арқылы педагог ата-анаға және балаға қолдау көрсетеді. Кеңес беру әртүрлі педагогикалық және психологиялық тақырыптардың аясында жүргізіледі. Ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты мынандай тақырыптар ұсынуға болады: «Отбасындағы бала тәрбиесінің мәні», «Баланың тілін қалай дамытуға болады?», «Баланың тілін дамытудағы логопедиялық жаттығулардың рөлі», «Логопедиялық әдістер мен технологиялар», «Баланың тілін дамытуда кітаптың маңызы» т.б. Осы тақырыптардың аясында педагог ата-аналарға кеңес береді. Педагог баланың білім беру ортасына психологиялық конфорттық жағдай жасауы қажет. Сонда баланың өзіне және айналасына деген сенімі артады. Балалармен қарым-қатынас жасау арқылы оның коммуникациялық бейімділігі, адамгершілік мүмкіндіктері, сөйлеу дағдысы, әлеуметтенуі жүзеге асады. Балабақшадағы барлық балаларды бірдей қабылдау қажет. Олардың физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, этникалық, діни ерекшеліктеріне қарамай, қолдау көрсетуде педагогтің рөлі зор. Ерекше білім қажеттілігі бар балалардың әлеуметтенуіне әсер ете отырып, тәрбие шараларына қосу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажет.
Пайдаланған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. –Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, -2015. -152б.
- Мовкебаева З.А., Оралканова И.А. Включение детей с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной процесс. –Алматы: Эверо, -2019.-231с.