Home » статьи » Әдебиеттік оқу сабағында тілдік дағдыларды “Апгрейд 45 минут” әдісі арқылы тиімді қолдану

Әдебиеттік оқу сабағында тілдік дағдыларды “Апгрейд 45 минут” әдісі арқылы тиімді қолдану

Кигай Армангул
Жусупбекова Сауле Рафгаткызы

Ы. Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі
бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу сабағында тілдік дағдыларды “Апгрейд 45 минут” әдісі арқылы тиімді қолдану

Аннотация
           Бұл мақалада әдебиеттік оқу сабағында тілдік дағдыларды дамытуда “Апгрейд 45 минут” әдісінің тиімділігі қарастырылады. Әдіс сабақты қысқа уақытта құрылымдап, оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын кешенді дамытуға мүмкіндік береді.
Баяндаманың теориялық бөлімі қазіргі заманғы білім беру талаптарына сәйкес тілдік дағдыларды дамытудың инновациялық жолдарын қарастырады.
Оқу процесінде уақытты тиімді пайдалану, белсенді оқыту стратегиялары және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары нақты мысалдармен көрсетілген.Оқушылардың белсенділігін арттыруға, олардың тілдік қорын байытуға және оқу үрдісін қызықты әрі тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Әдебиеттік оқу – бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды пәндердің бірі. Оқу бағдарламасы оқушылардың мәтін мазмұнын түсініп оқу, өз ойын еркін жеткізу, жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Алайда дәстүрлі әдістер оқушылардың белсенділігін төмендетіп, сабақтың қызықсыз өтуіне себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты «АПГРЕЙД 45 минут» әдісі қазіргі заман талабына сай оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Білім беру саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және тілдік дағдыларды дамыту басты мақсаттардың бірі болып табылады. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларын кешенді түрде дамыту үшін жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда, “Апгрейд 45 минут” әдісі заманауи талаптарға жауап бере отырып, оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді. “Апгрейд 45 минут” әдісінің мәні мен маңызы “Апгрейд 45 минут” – бұл сабақты тиімді жоспарлап, әр кезеңде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын арттыруға бағытталған оқыту әдісі.

Бұл әдістің негізгі артықшылықтары:
• Сабақтың құрылымы нақты және түсінікті;
• Оқу материалын меңгеру тиімділігі жоғарылайды;
• Оқушылардың тілдік дағдылары кешенді түрде дамиды.

Әдістің құрылымы  3 негізгі кезеңнен тұрады;
1.Тақырыпқа қызығушылықты арттыру (5-7 минут): Оқушыларды сабақтың тақырыбына бағыттау және мотивация беру үшін қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады.
2.Тақырыпты меңгеру (30 минут): Бұл кезеңде оқылым, тыңдалым, айтылым және жазылым  дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар орындалады.
3.Қорытындылау және кері байланыс (5-8 минут):
Сабақтың нәтижелерін талданады, рефлексия жүргізіледі.
Тілдік дағдыларды дамыту жолдары
Тыңдалым дағдысы:
Сабақ барысында оқушылардың тыңдау қабілеттерін дамыту үшін келесі стратегиялар қолданылады:
• Әдеби шығармадан үзінді тыңдау және негізгі ойды анықтау;
• Аудиоматериалдармен жұмыс істеу (мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру);
• Тыңдалған мәтін бойынша қысқаша пікір айту.
2. Оқылым дағдысы:
Әдебиеттік оқу сабағында оқылым дағдыларын дамытуға ерекше мән беріледі. Оқушыларға келесі тапсырмалар ұсынылады:
•  Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну үшін сұрақтар құрастыру;
• Мәтіндегі негізгі идеяны анықтау;
• Қосымша әдеби материалдарды оқу.
3. Жазылым дағдысы:
Оқушылардың жазу дағдыларын дамыту үшін:
• Көркем шығарманың мазмұнына қысқаша шолу жазу;
• Белгілі бір тақырыпта эссе немесе хат жазу;
• Кейіпкерлерге сипаттама беру.
4. Айтылым дағдысы:
Айтылым дағдысын дамыту үшін оқушыларды пікір алмасуға, шығарманы талқылауға немесе кейіпкердің рөлінде сөйлеуге ынталандыру қажет. Бұған мысал ретінде:
• Диалог құру тапсырмалары;
• Шағын презентация жасау;
• Кейіпкерлер арасындағы оқиғаларды рөлдік ойындар арқылы көрсету.
“Апгрейд 45 минут” әдісін қолданудың тиімділігі
Бұл әдіс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың тілдік дағдыларын кешенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті, өз пікірін еркін жеткізу қабілеті қалыптасады.


Практикалық мысал:
3 сынып әдебиеттік оқу пәні:
Тақырып: «Үйрен білім жастықта»
1.Қызығушылықты арттыру:«Қара – ойла — ойлан»   (посмотри – подумай – задумайся)

2.Тақырыпты меңгеру:                                             
«Бұрыштар» әдісі
(оқушылар өз пікірлері  бойынша бұрыштарға  бөлінеді.)

1.Иллюстрацияға қарап, мәтінге сәйкес келетін ақпаратты анықтап жазады.
2.Мәтіннің жалпы идеясын қысқаша қалай тұжырымдауға болады?                                                                          3.Қорытындылау:Интерпретациялау
1.“Жастық шақ – алауға тең” деген сөйлемнің мәнін  қалай түсінесің? Неліктен  дәл осы жерде қолданылған деп ойлайсыз?

  1. Автордың білім алуға шақырған негізгі ойы қандай құралдар арқылы көрініс тапқан? Мысалдар келтіріп, жазыңыз.

Әдебиеттік оқу сабағында тілдік дағдыларды дамыту – оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттырудың маңызды шарты “Апгрейд 45 минут” әдісі уақытты тиімді ұйымдастыруға және сабақ мазмұнын терең меңгеруге  мүмкіндік береді. «Апгрейд 45 минут» әдіс-тәсілдері заманауи білім беру жүйесінде тиімділігін дәлелденуде. Әдіс әсіресе топтық және жұптық жұмыстарды ұйымдастыруда пайдалы.

Бұл әдіс мұғалімдерге оқушылардың шығармашылығын дамытып, тілдік дағдыларын жетілдіруде үлкен көмек көрсетеді. Әдіс оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын жетілдіреді.

Қазіргі уақытта мұғалімдер бұл әдісті қолданып, сабақ құрылымын дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, білім сапасы жоғарылайды. Сонымен қатар, бұл тәсіл оқушыларды өмірлік дағдыларға баулып, шығармашылық тұрғыдан дамуға септігін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. “Әдебиеттік оқу” оқу бағдарламасы. – Астана, 2022.
    2.     Ахметова, Г. “Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі”. – Алматы: Мектеп, 2018.
    3.     Базарбаева, Қ. “Тіл дамыту әдістемесі”. – Алматы: Білім, 2017.
    4.     Вygotsky, L.S. “Thought and Language”. – Cambridge, MA: MIT Press, 1986.
    5.     Trilling, B., & Fadel, C. “21st Century Skills: Learning for Life in Our Times”. – San Francisco: Jossey-Bass, 2009.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*