Home » статьи » Әдебиеттік оқу сабағында бастауыш сынып  оқушыларының   тілдік дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер

Әдебиеттік оқу сабағында бастауыш сынып  оқушыларының   тілдік дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер

Мендалина Жанагул Темирханкызы,
Толеуова Шынар Сабешовна  
Астана қаласы
Ыбырай Алтынсарин атындағы
Binom school мектеп – лицей
 бастауыш сынып мұғалімдері
Әдебиеттік оқу сабағында бастауыш сынып  оқушыларының   тілдік дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер

Аннотация: Мақалада әдебиеттік оқу сабағында  оқушыларының тілдік дағдыларын  дамытуға арналған әдіс-тәсілдері туралы айтылған. Дамыту әдісі ретінде «3+2+1», «Дебат», «Дәл солай,бірақ басқаша» «Кітап көбелегі» әдістері қолданылған. Тәжірибе   2 сынып білім алушылары арасында жүргізілген. Нәтижесінде білім алушылардың ой өрісі, ауызша сөйлеу тілі, қиялы  дамыды. Бұл мақала бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне пайдалы болмақ.

Түйін сөз: Қорыта айтқанда, аталған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізілсе, баланың танымдық белсенділігін, тілдік дағдыларын дамытуға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Әр сабақтың оқушы көңілінен шығатындай мазмұнды, жүйелі болуы – әдіс-тәсілдердің тиімділгінде.

Мақсаты:
Оқушы үшін: әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру;
Педагог үшін: оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
Оқушылардың  бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру — бүгінгі күннің басты талабы екені мәлім.  Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым)  оқушының  сөйлеу  әрекетін қалыптастырады. Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып,  ішкі уәжін ояту керек. Осы себептерден сөйлеу процесінде жетілу, тілді дұрыс және  тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде – ақ басталған.

Атақты қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі  Ж. Аймауытов өз еңбектерінде білім алушылардың даму ерекшеліктерін, бейімділігін ескере отырып, тәжірибеге талпынып барып сөйлеу керектігін жазады  [1].

Оқушыны  сауатты әрі мәдениетті сөйлеуге үйрету сабақ үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Оқушының айтылым дағдысын интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы дамыту осы түйінді мәселені шешуге септігін тигізері анық. Айтылым екі жақты байланысқа негізделген- сөйлесім әрекетінің түрі. Айтылым сөйлеу актісін жүзеге асырады және ол белгілі бір коммуникативтік мақсатты іске асыруға бағытталады [2].

Әдебиет – сөз өнері. Адам жүрегін тербетіп, ақылын таразылап, тілін кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады. Сол өнерді қалай оқытып жүрміз? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші – мұғалімнің оқытуы, екінші – оқушының оқуы. Оқушылардың  бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру — бүгінгі күннің басты талабы екені мәлім.  Тілдік төрт дағды (айтылым,тыңдалым,жазылым,оқылым)  оқушының  сөйлеу  әрекетін қалыптастырады.Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып,  ішкі уәжін ояту керек. [3].

Тыңдалым дағдысы бойынша: 
негізгі ойды түсіну;
ақпаратты анықтау;
түсінгенін практикада қолдана білу;
ақпаратқа өз көзқарасын білдіру;
ой қорыта білу дағдылары.
Айтылым дағдысы бойынша:
белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;
өз көзқарасын дәлелдеу;
шешім шығару, қорытынды пікір жасау;
зерттеушілік (анализ, синтез);
ақпаратты өңдеу дағдылары.

Оқылым дағдысы бойынша :
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу;
астарлы ойды анықтау;
шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;
зерттеп оқу;
сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары.

Жазылым дағдысы бойынша:
тақырыпты аша білуі;
өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі;
қорытынды шешім шығаруы;
өз көзқарасын дәлелдеуі;
цитатамен жұмыс істеу дағдылары бағаланады.

Осы дағдыларды қалыптастырып  мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады:
Оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру; барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту; өзін ойын жеткізу, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру; сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану; мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау; өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу;

ұжымдық оқыту технологиясысының мақсаты — оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару. жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор; Оқушы өзінің көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін ескереді;

Сабақты өткізуде мұғалім ескеруі қажет:
сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болуы;
тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым,жазылым, айтылым) дамыту;
белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру;
мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс;
оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау.
Айтылым оның кімге арналғанына, мақсаты мен мәнмәтінге тығыз байланысты: бір мезгілде көптеген адам ауызша қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның барысына ықпал ете алады [4].

Айтылым дағдысын қалыптастыру дегеніміз – оқушылардың сөз мәдениетін, сөйлеу әдебін қалыптастыру, өз ойын дұрыс, нақты және толық жеткізе білуге машықтандыру болып табылады. Тілді жетік меңгерген және оны орынды қолданатын оқушы кез келген ортада коммуникативтік қатынасқа түсе алады. Сонымен қатар, сабақта алған білім, білік, дағдысын өз қызметінің әртүрлі саласында қолдана алуы тиіс [5].

    

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:
Ынтымақтастыққа үйренеді;
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді;
Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді;
Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді;
Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.

Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы айналасында болып жатқан ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну, сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқи алады; көтерілген мәселеге қатысты өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.

Жаңартылған бағдарламада оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамытуға ерекше мән берілген. Ол «танымдық үдеріс» ретінде түсіндіріліп, оқылым, жазылым, айтылымға қарағанда қиынырақ дағды деп есептеледі. Оқу жоспарында телехабар, фильм, ән, үлкен адамдарды тыңдау және оларға жауап беруді көздейтін жаттығулар кездеседі. Аталған жаттығулар бірнеше аптаны қамтитын тізбектелген сабақтар топтамасында дағдыларды, соның ішінде тыңдалымды дамытуды көздейтінін байқау қиын емес.  Осылайша, оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларының әрқайсысын жеке-жеке дамыта отырып, оларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқытылады. Оқу кезінде олар сөз тіркестерінің құрылымына, сөздердің орын тәртібіне, сөйлем құрылысына және сөйлеуге назар аударады. Оқушылар оқылым барысындағы тапсырмаларда мәтіннің мазмұны мен жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу тәсілі арқылы сұрақтарға жауап беріп, басты тірек сөздерді табады. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу тәсілі арқылы дұрыс жауабы бар сөйлемді табады.  Жалпы жаңартылған бағдарлама әсіресе оқылым мен жазылымда оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуін басты назарда ұстайды [6].

Бірлескен оқылым мен жазылым сабақтарын ұйымдастыруда мұғалімге үлкен шеберлік керек. Өйткені оның өз қиындықтары бар. Ең бастысы өз бетімен оқу немесе жазуға қарағанда тапсырма күрделірек болуы шарт. Адам өзінің шамасы келмейтінін түсінген кезде жанындағы адамның көмегіне жүгінеді. Егер шамасы келетін болса, әркім өз бетінше орындап, бірлескен жұмыс іске аспай қалады. Командалық  бірлескен жұмыстағы ұстаным: «мен» емес, «біз» болуы шарт. «Біз жеңіске бірге жеттік!» немесе «біз мақсатты бірге бағындырдық!» Осындай жұмыстарды орындау барысында бала «жұмыла көтерген жүктің жеңіл» болатынын немесе «жалғыздың үні шықпайтынын» өздері түсінуі тиіс.

Өз тәжірибемізде тілдік дағдыларды дамыту мақсатында мынадай әдістерді қолданамыз.  Мысалы: мына фотосуретте оқушылар «Кітап көбелегі» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасауда. Оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруда «Кітап көбелегі» әдісін  қолдану өте тиімді.  Оқушы тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіріп, шешім шығарады. Айтылым дағдысын дамытуда  «Дәл солай, бірақ басқаша» әдісін қолдану тиімді. Оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіруде  «Дебат», «3+2+1» әдісін қолдану тиімді. Сонымен қатар,  Оқиға картасы, Оқиға тауы, Тұжырым кестесі, Сюжеттік кесте толтыру,  Джигсо-2, Өрмекші торы» сияқты т. б. стратегияларды қолданып келеміз. Бұл әдістерді жүргізуде  топта барлық оқушы жұмыс жасайды, ешбір оқушы назардан тыс қалмайды. Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдістерді тиімді пайдалану арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар командалық жұмыста оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады.

Әдебиеттер тізімі

1.Жан жүйесі мен өнер таңдау [Мәтін] / Аймауытов Ж. – М. : Қазақстан мемлекет баспасының күншығыс бөлімі, 1926. — 80 б.
2.Orazbaeva F., Rakhmetova R., Rаuandina A. Интербелсенді әдістер арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту //Pedagogy and Psychology. – 2021. – Т. 48. – №. 3. – С. 211-218.
3.Оқушылардың оқу сауаттылығы. Оқу құралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық өлшеулер орталығы».
4. Утралинова Г. С. Қазақ тілі сабағында айтылым дағдысын калыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері //Педагогическая наука и практика. – 2023. – №. 4 (42). – С. 52-57.
5.Esnazar A. et al. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру //Pedagogy and Psychology. – 2022. – Т. 53. – №. 4. – С. 165-173.
6. Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары, оқу-әдістемелік . А.Құлмағанбетова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*