Ишатова Бибигуль Амангельдиновна
Астана қаласы
Ы. Алтынсарин атындағы BINOM мектеп-лицейі
бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш білім алушыларының оқу сауаттылығын арттырудағы апгрейд әдіс тәсілдерінің қолданылуы
Аннотация: Мақалада бастауыш білім алушыларының оқу сауаттылығын арттырудағы апгрейд әдіс тәсілдерінің қолданылуы
Бастауыш сыныптан бастап негізі қалануы тиіс маңызды міндеттің бірі- оқу сауаттылығы дұрыс қалыптастыру.
Оқу сауаттылығы дегеніміз – мәтіндерден негізгі ойларды түсіну және маңызды ақпаратты бөлу. Оқыту процесінде, әсіресе жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру керек.
Оқу сауаттылығының негізгі компоненттері:
- Мәтінді түсіну – ақпаратты дұрыс қабылдап, негізгі мағынасын анықтау.
- Мәтінді талдау – мәтін құрылымын, мазмұнын және логикасын сараптау.
- Ақпаратты қолдану – алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалану.
Білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту үшін оқу бағдарламалары әртүрлі мәтін түрлерін (ғылыми, публицистикалық, көркем, функционалдық) қамтып, оқушылардың талдау, салыстыру және қорытынды жасау қабілеттерін жетілдіруге бағытталуы керек.
Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру арқылы олардың адамгершiлiк қасиеттерi тәрбиеленiп, жеке бас тұлғасын iзгiлендiруге болады, екiншiден, топ алдында қысылмай сөйлеуге дағдыланған оқушының бойында лидерлiк қабiлет жетiлiп, өзiндiк ой-пiкiр айтуға үйренедi, үшiншiден, айтар сөзiн, жазар ойын нақты әрi толық жеткiзуге дағдыланған оқушы сабаққа қызығып, бiлiм үлгерiмi жоғарылайды, төртiншiден, сөйлер сөзiнде әрбiр сөздi орнымен, өз мағынасымен қолдануға дағдыланған шәкiрт ертеңгi күнi қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтерер ұлттық тәрбие негiздерiмен сусындайды. Оқушылардың оқу сауаттылығын мақсатты түрде әрбiр сабақ сайын әдiстемелiк жүйеде қалыптастырып отырылған жағдайда ғана олардың пәнге деген қызығушылықтары оянып, сабақтағы белсендiлiктерi артады.
Оқушылардың оқу сауаттылығы жұмыстарының көздеген басты мақсаты ― шәкiрттердiң бiлiмдiк, тәрбиелiк бiлiктерiн жетiлдiрумен қатар олардың шығармашылық, ойлау қабiлеттерiн дамытып, тiлдiк қарым-қатынаста сөйлеген сөздерiнде жаргон, варваризмдер мен қыстырма сөздерден арылту және халық аралық білім сапасын зерттеу жұмыстарында жоғарғы көрсеткіш көрсету. Бастауыш сынып мұғалімі әр сабағында оқуын дамытып, сөздік қорын байытуға әр түрлі тәсілдерді қолдана білуі тиіс деп ойлаймын. Тіл байлығын, сөйлеу тілін дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі, әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.Мақал – мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру-мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмау үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады.
Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары:
— түсінгенін әңгімелеу
— сұрақтарға жауап беру
— кейбір үзінділерді жатқа айтқызу
— оқыған шығармасы бойнша таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып отыру
— кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру
— әңгімелердің ұқсастығын салыстыру
— ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру.
Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорға жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі-оқушылардың сөздік қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. Тіл дамытудағы және оқудағы тиімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы әрбір бала өзінің таланттылығын, қабілеттілігін, бейімділігін көрсете алады. Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсету.Баланы өз ойын анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тереңдетіп оқыту арқылы сөздік қорын байыту үшін, әр оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді. Бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек. Баланың бас ұстазы ата-анасы болса, екінші ұстазы- бастауыш сынып мұғалімі. Сондықтан біздің алдымыздағы әр оқушының сауатты оқуы мен жазуы, сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасып, жақсы дамуы тікелей мұғалімге байланысты болмақ.
Іс – тәжірибеге сүйенетін болсам, «Мақалада бастауыш білім алушыларының оқу сауаттылығын арттырудағы апгрейд әдіс тәсілдерінің қолданылуы» тақырыбында 3 «Б» сыныбында (LS) сабақты зерттеу жүргізілді.
— Жұмыс барысы қалай басталды?
— Зерттеуге не түрткі болды?
Оқушылардың тілдік дағдыларының дұрыс қалыптаспауы, ойларын толық жеткізе алмауы, өз еркімен пікір айтпауы сияқты кедергілер, зерттеуді бастауға түрткі болды.
Зерттеудің мақсаты:
Оқушы үшін: : командада және жұптық жұмыстар арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын жетıлдıру.
Педогог үшıн оқушылардың оқу сауаттылықтарын жақсартатын тиıмдı жолды ıздеу.
Мақсатқа жету жолында;
— Зерттеу тобы құрылды;
— Сыныпқа диагностика жүргізілді;
— Сабақтар бірлесе жоспарланды;
— Әдіс — тәсілдер сараланды;
Сыныптың білім сапасын арттыруда Апгрейд 40 минуттың элементтері қолданылды. Апгрейд 40 минут арқылы неге қол жеткіземіз?
- Әдıс — тәсілдердің тиімділігі арқылы оқуы артады;
- Тілдік дағдылар командалық жұмыс барысында дамиды;
- Сыныпта жағымды атмосфера орнайды;
Апгрейд 40 минутты қолдануда сабақтың тиімділігін арттырудағы сингапурлық әдіс – тәсілдерді сыныптың білім сапасын арттыруда нәтижелі болды.«Вай — фай», және «сынып» сөздерін қолдану арқылы оқушыларды тыныштыққа шақыру, «сынып» деген сөзді айтқанда мұғалімдерге назар аудару керектігін.
Оқушылардың сыныпта отырғызуда маңызды болып табылады. Шырша тәрізді отырғызу және команда жұмыс жасауы үшін 4 оқушыдан 1А, 2Б,3А,4Б отырғызылады.
«Таймд раунд робинт» әдісі Оқушыларға топтық, жұптық тапсырмалар беріледі. Сол кезде оқушылардың барлығы бірдей тапсырманы орындамайды. Оқушылардың барлығының бірдей уақытта жұмыс жасауы үшін тиімді тәсілдің бірі екендігін түсіндіреді, соған байланысты тапсырма беріледі.
«Қара – ойла — ойлан»
Жеке немесе командада жұмыс жасауға болады. Байқау және сипаттап жазу дағдыларын дамыту мақсатында қолданылады.
«Бұрыштар» Оқушылар өз пікірлері бойынша бұрыштарға бөлінеді.
«Үстел үстіндегі ойлар» командада дауыстап өз ойларын қағазға жазады.
3 “Б” сыныбының білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші
Жоғарыда қолданылған әдіс-тәсілдердің барлығы оқушылардың тілдік дағдыларының және оқу сауаттылықтарының қалыптастырудың негiзгi болып табылады. Ескеретiн бiр жайт, тілдік дағдыларының және оқу сауаттылықтарының қалыптасу белгiлерiнiң барлығы бiрден, бiр сабақта, бір сыныпта ғана қалыптасып біте қоймайды, сатылана, бірте-бірте қалыптасады. Сонымен қатар, оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастыруда олардың эстетикалық талғамдарымен қатар, сөздердi орынды, мағыналық реңктерiне қарай өз орнында қолдана алу талғамдарының болғаны да ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, оқушының өз пiкiрiн дәл әрi анық айтуы да оның сөйлеу дағдысының қалыптасуында басты рөл атқарады. Себебi, топ алдында өз ойын әсерлi де түсiнiктi айтуға дағдыланған оқушы сөздердi орынды қолданып қоймай, сөйлеудiң әсерлiлiгiн игередi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- MentorEd Апгрейд 45 минут или как развивать в учениках навыки и компетенции ХХІ века на каждом уроке курсының әдістемелік құралы
- https://mentored.zenclass.ru/public/products сілтемесі
- «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ — 15 б