Абилдаева Айша Айжоловна
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек кенті
«Самал» бөбекжай-бақшасы
тәрбиеші
Ана өмір шырағы!
Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. «Балапан» ортаңғы тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Балалар әдемі безендірілген залға жүрекшемен кіреді.
Жүргізуші:Армысың, әжелерім, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың
Жүргізуші:
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
Жүргізуші:
-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке бірлік. дендеріңізге саулық тілейміз!
Жүргізуші: Балалар аналарымызға арналған «Ақ мамам» әнін орындап берейік
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана.
Жүргізуші. Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
Асылым: Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Мұстафа: Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегіңде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Е. Асылым: Мейірімді сымбатты
Қадірменді қымбатты
Ең жақын жан балаға
Кім десеңдер ол ана
Байбек: Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам» деп мақтанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім» деп жатпаған.
Таңнұрым:Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп
Құлыншағым күнім дейтін
Арнұр: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
Жүргізуші: Ал ендеше қыздарымызбен ұлдарымыздың «Гүлдер» биіне кезек берейік.
«Би» « Гүлдер»
Мұстафа, Ернұр, Байбек, Расул, Мұхамед.
Айдай, Айым, Раяна, Е.Асылым, Таңнұрым
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған, балаларымыздың әжелеріне арналған әндері мен тақпақтарына кезек берсек.
«Ән» «Әжетайым»
Айым: Болсын дейді балалар
Бақытты өмір, береке
Әжелер мен аналар
Құтты болсын аналар.
Байқуат: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де, ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Раяна: Әлештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Аян: Мені жақсы көреді
Күндей күліп жүреді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Жүргізуші: Ой балалар тыңдаңдаршы бізге қонақ келе жатқан сияқты қызық! Бұл кім екен?
Әуенмен залға Көктем аруы кіреді.
Көктем: Сәлеметсіз бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне менде сендерге асыға жеттім. Көктем мерекелерің құтты болсын балалар!
Сәлем бердім, нәзік сұлу қыздарға
Сәлем бердім, ержүрек бар ұлдарға
Кездесуге асықтым мен сіздермен
Билесін би мен, айтылсын ән бұл залда
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Көктем сен біздің аналарымызбен қыздарымызды және әжелерімізді 8-наурыз мерекесімен құттықтауға асығып жетіпсің. Көп рахметсаған! Төрлет, балаларымыздың биін, әндерін тамашалап отыр.
Жүргізуші: Ұлдарымыздың биін тамашалаңыздар!
Би: «Шляпа» Мирас, Байқуат, Арнұр, Фараби, Иса.
Жүргізуші: Аналарымызға арналған тақпақтарына кезек берейік!
Айдай: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Фараби: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға силаймыз
Үміт: Бөбегіңнің силығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Мирас: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Айкөркем: Айтқаныңды тыңдаймын
Үлкендерді силаймын
Анашымды құрметтеп
Өлеңімді жолдаймын
Жүргізуші: келесі кезекті «Кім жылдам» ойынына берейік!
Ойын: «Кім жылдам» Мирас, Айым, Иса, Фараби, Аманай.
Жүргізуші: Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Жүргізуші: Келесі кезекте «өзбек» биін қабыл алыңыздар!
Би: «Өзбек биі» Айым, Айдай, Үміт, Айкөркем, Мариям, Асылым.
Көктем: Ал балалар қош сау болыңдар!
Ойын: Аналармен «Дауысынан таны»
Жүргізуші: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Ендеше біздің балаларымыздың стирка биін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: «Би» «Стирка»
17 бала: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Осымен «Ана өмір шырағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды.