Қазіргі таңда білім беру кеңістігі күн сайын өзгеріп, жаңарып әрі дамып келеді. Жаңашыл мұғалімге қойылатын талап та жоғары. Ол тек сабақ беріп қана қоймай, цифрлық ресурстарды еркін меңгерген, заманауи әдіс-тәсілдермен жұмыс істей алатын әмбебап тұлға болуы керек. Осындай жауапты міндет жүктелген бүгінгі күннің педагогіне көмекке келетін сенімді серіктің бірі – TopIQ.kz платформасы. Бұл – «Алматы кітап» баспасының бастамасымен жасалған, мектеп оқулықтарын жүйелеп, сандық форматта ұсынатын бірегей платформа.
Неліктен дәл осы – TopIQ?
TopIQ.kz – бұл жай ғана цифрлық құрал емес, бұл – білім мен технологияның тоғысқан тұсы. Платформа мектеп мұғалімдеріне дайын сабақ жоспарларын, әдістемелік материалдарды, бағалау құралдарын және оқушы жетістігін бақылауға арналған құралдарды сондай-ақ электронды оқулықтарды еркін пайдалануға мүмкіндік беріп, уақытты үнемдеуге және жұмысты оңтайландыруға жол ашады. Оқушылар үшін арнайы бейне тапсырмалар, тесттер, интерактивті жаттығулар берілген. Ең бастысы, оқушыда таңдау, қызығушылық, еркіндік бар. Оқушы материалды өз бетімен меңгере алады.
Цифрлық ресурстардың артықшылығы – қолжетімділік. Қайда жүрсең де инетрентке қосыла алсаң болды – сенде сапалы білімге жол ашық. Бұл – ауыл мектебінде жұмыс істейтін маманға таптырмас мүмкіндік. Жас ұстаз ретінде мен үшін бұл платформа – үлкен көмек. Ашық сабаққа дайындалғанда, кері байланыс жасағанда, сабақ жоспарын әзірлеуде TopIQ-дың берген көмегі орасан. Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар, бейнематериалдар, сабақ құрылымдары – барлығы бір платформада жинақталған.
Бүгінде мұғалімнің басты қаруы – білім мен біліктілік қана емес, уақытты дұрыс пайдалану және цифрлық мүмкіндікті орынды қолдану. TopIQ.kz – осы екі бағытта да тиімді көмекші. Егер сіз де кәсіби дамуыңызды қалайтын, оқушыға қызықты әрі сапалы білім беруді мақсат тұтатын мұғалім болсаңыз — TopiQ-ға қосылыңыз. Трендтен қалмаңыз, әріптес!
Асқарова Альбина Исатайқызы,
БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы,
Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі