Баланы баптап бақпасан,
Жамандықтан қақпасан,
Кадірден жұрдай боп,
Кешкенің өмір босқа тек ,- дегендей , баланың ыстық, суығына күймейтін ата-ана жоқ шығар.Біздің тәрбиешілірдің ойынша, отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбие бір-бірін толықтырып , жетілдіріп отырса ғана нәтижеге жетпек. Ол үшін бала тәрбиесі ортақ іс болғандықтан ата-аналарды да әртүрлі іс-шараларға қатыстырып, олармен бірлесе жұмыс жасау керек. Осыны айта тұра Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Жамбыл ауылында «Күншуақ» балабақшасында салауатты өмір сүреміз деген ұранды ұстана отырып , «Толағай» атты отбасылар сайысы өткізілді.Ата-аналарды қатыстыра отырып, бұл сайыста баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету біздің тәрбиешілердің мақсаты деп ойлаймыз.
Балабақшаның спорттық залы түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен безендірілді. Спорттық құралдар , керек заттың бәрі де орын-орына қойылды.
Тәрбиешілер Кабиева Маржан, Ахметова Айгуль және тәрбиеші көмекшісі Жунусова Гульбаршын ортаға қатысушы отбасыларды шақырып,қазылар алқасын таныстырып өтті.Бұл сайыста 12 отбасы белсенді қатысып екі топқа бөлінді «Достық» және «Болашақ» .
Сайыс яғни спорттық іс-шара 8 кезеңнен тұрды.Бірінші кезеңі таныстыру (топтың аты , ұраны). Келесі кезең «Құлатпай өт» сайысы, «Кенгуру», «Картопты түсірме», «Қапшық» және т.б кезеңдер болды, ата-аналар қуана және қызығыушылықпен қатысып қуанышты болды.Сайыс соныңда топтар түрлі номинация бойынша марапатталды. Балаларда өздеріне тиісті сыйлықтарына ,алғыс хаттарына ие болды.
Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта. Олай болса , бала тәрбиесі – күрделі, әрі бәрімізге ортақ іс, осыны ұмытпаған жөн.
Павлодар облысы,Аққулы ауданы,
Жамбыл ауылы МҚКК «Күншуақ» балабақшасының
тәрбиешісі Ахметова Айгуль Кадыровна