Home » Новости » Толағай

Толағай

Баланы баптап бақпасан,
  Жамандықтан қақпасан,
  Кадірден жұрдай боп,
  Кешкенің өмір босқа тек ,- дегендей , баланың ыстық, суығына күймейтін ата-ана жоқ шығар.Біздің тәрбиешілірдің ойынша, отбасындағы тәрбие  мен балабақшадағы  тәрбие  бір-бірін  толықтырып , жетілдіріп отырса ғана нәтижеге жетпек. Ол үшін бала тәрбиесі ортақ іс болғандықтан ата-аналарды да әртүрлі іс-шараларға қатыстырып, олармен бірлесе  жұмыс жасау керек. Осыны айта тұра  Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Жамбыл ауылында «Күншуақ» балабақшасында салауатты өмір сүреміз деген  ұранды ұстана отырып , «Толағай»  атты отбасылар сайысы  өткізілді.Ата-аналарды қатыстыра отырып, бұл сайыста баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету біздің  тәрбиешілердің мақсаты деп ойлаймыз.

Балабақшаның спорттық залы  түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен безендірілді. Спорттық құралдар , керек заттың бәрі де орын-орына қойылды.

Тәрбиешілер Кабиева Маржан, Ахметова Айгуль және тәрбиеші көмекшісі Жунусова Гульбаршын ортаға қатысушы отбасыларды шақырып,қазылар алқасын таныстырып өтті.Бұл сайыста 12  отбасы белсенді қатысып екі топқа бөлінді  «Достық» және «Болашақ» .

Сайыс яғни спорттық іс-шара 8 кезеңнен  тұрды.Бірінші кезеңі таныстыру (топтың аты , ұраны). Келесі кезең «Құлатпай өт» сайысы, «Кенгуру», «Картопты түсірме», «Қапшық» және т.б кезеңдер болды, ата-аналар қуана  және қызығыушылықпен қатысып  қуанышты  болды.Сайыс соныңда  топтар түрлі   номинация бойынша  марапатталды. Балаларда өздеріне тиісті сыйлықтарына ,алғыс хаттарына ие болды.

Отбасы  — сыйластық , жарастық орнаған орта. Олай болса , бала тәрбиесі – күрделі, әрі бәрімізге ортақ іс, осыны ұмытпаған жөн.

                                                                                                                                              Павлодар облысы,Аққулы ауданы,
Жамбыл ауылы МҚКК «Күншуақ» балабақшасының
тәрбиешісі Ахметова Айгуль Кадыровна

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*