Алматы қаласы Білім басқармасы КМҚК «№182 бөбекжай-балабақшасында»
“Балабақшада инновациялық бағытта әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру” — Steam технологиясы тақырыбында аудандық семинар өтті.
“Бүгінгі семинарымызда STEAM- технологиясының мектепке дейінгі ұйымда қолданылуымен танысып, баланың толыққанды дамуындағы маңызына тоқталып, тәжірибе алмасамыз. STEAM-қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі жаңа технология. Ерекше маңызға ие, әртүрлі ғылымдардың: математика, жаратылыстану, технология, инженерлік, өнер-дизайн бағыттарында балаларды инновациялық дамытуда атқарар рөлі ерекше.” — деді балабақша меңгерушісі Оразова Галина Хитмановна.
STEAM технологиясы. STEAM аббревиатурасының белгілері: S – science, T – technology, E – engineering, A – art және M – mathematics. Ағылшын тілінен аударғанда – жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерлік өнер, шығармашылық, математика.
Балабақшада роботты техника, құрастыру, эксперименттік және шығармашылық қызмет, математика негіздері арқылы қолданылады. Болашақта енгізуге жоспарланып отырған «Мектепке дейінгі балаларға арналған физика» эксперименттік курсы кіреді. Балалардың ой-өрісін, өнертапқыштық міндеттерді шеше, құрастыра білуін кеңейтеді, сыни ойлауын дамытады.
Семинар үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімде бүлдіршіндер мың бұрыла би билесе, балабақша ұжымы да тәрбиеленушілерінен қалыс қалмай “Шаңырақ” қойылымын сахналады.
Қонақтардың тәжірибе алаңына көтеріңкі көңіл-күйде қатыссын деген мақсатта психолог Аккулева Д.О “ұялы телефон” ойынын ойнатып, әдіскерлерді бір серпілтіп алды.
Екінші бөлімнің шымылдығы тәрбиеленушілердің “көңілді оркестрімен” ашылып, “робот” биін биледі.
Әдіскер Ақпанбет А.Н «STEAM технологиясы» туралы ақпаратпен бөлісті. Балалармен іс-әрекет ұйымдастырылды.
Балабақшада тек балалар мен ұжым ғана емес, балалардың дамуына ата-аналар да атсалысуда. STEAM- технологиясын ата-аналар да меңгерген.
Бүгінгі семинардың жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан балабақша ұжымы мен тәрбиеленушілердің өнерлерін шыңдаған музыка жетекшісі Бейбітханова Айдана Бекенованың еңбегін атамай кетуге болмас. Алғысқа бөленіп жүре беріңіздер.
Семинар соңында қатысушылар ізгі тілектері мен алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді. Қатысушылар тарапынан балабақшаның заттық дамытушы ортасын ары қарай дамытуға ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар қатысушылар келешекте тағылымы мол № 182 бөбекжай-балабақшасынан аларымыз мол деп ризашылықтарын білдірді.
BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Аманқызы