Главное сегодня

Білім күні — жаңа оқу жылының бастауы

Білім күні — жаңа оқу жылының бастауы
1 қыркүйек күні Алматы қаласындағы «Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейі» КММ жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мектеп директоры Достанова Роза Зияхановна ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, баршаға сәттілік пен толағай жетістіктер тіледі.
Салтанатты жиынның ерекше сәттерінің бірі — Отанды сүюді ұран, елді қорғауды басты міндет санаған, бойларында ұлттық рух пен отаншылдық сезім ұялаған мектебіміздің мақтаныштары – 5 «А» сыныбының «Жас Сарбаз» сыныбының ашылуы болды.
«Жас Сарбаз» сыныбының жетекшісі – Суханберді Тұрсынай Үсенбайқызы. Оқушыларды отансүйгіштікке, елін және жерін құрметтеуге, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу — сыныптың басты мақсаты. Жаңа оқу жылы барша мектеп ұжымына жаңа белестер мен жарқын жетістіктер әкелсін!

Мақала авторлары:
Алматы қаласы
«Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейі» КММ
директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары
Асильбаева Ардак Мырзамуратовна,

Әмірбекқызы Наргиз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *