Главное сегодня

Инновациялық әдістер арқылы жас ұрпақты ұлттық игіліктермен тәрбиелеу

Алматы қаласы, Алатау ауданы «№197 бөбекжай-балабақшасында» 26.02.2026 ж  «Инновациялық әдістер арқылы жас ұрпақты ұлттық игіліктермен тәрбиелеу» тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырылды. Шараның негізгі бағыты — ұлттық тәрбиені заманауи білім беру үрдісімен ұштастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық тәсілдерді тиімді қолдану тәжірибесін тарату.

Семинар бағдарламасы тәрбиелік көрініспен басталып, әже мен немере арасындағы тағылымды әңгіме арқылы ұлттық құндылықтардың мәні ашылды. Бұл бөлім ұрпақтар сабақтастығын айқындап, үлкеннің батасы мен ақылы — бала тәрбиесінің өзегі екенін көрсетті.

Іс-шараның тәжірибелік кезеңінде қатысушылар балалармен бірге ұлттық мазмұндағы бірқатар тапсырмаларды орындау жолдарын бақылады. Топтық жұмыстар барысында тәрбиеленушілер ұлттық және заманауи киім үлгілерін салыстырып, ұлттық ойындарды ажыратып, ою-өрнектерді пішіндермен сәйкестендірді. Мнемокесте арқылы сөйлем құрау, қолөнер элементтерін пайдалану және шағын оркестр ұйымдастыру сынды әрекеттер балалардың тілдік, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
     

Сонымен қатар, семинарда интерактивті құралдар мен жасанды интеллект элементтерін қолдану тәсілдері көрсетілді. Цифрлық технологияларды орынды пайдалану арқылы балалардың қызығушылығын арттыру және оқу қызметін жандандыру мүмкіндіктері талқыланды. Бұл тәжірибе ұлттық мазмұнды сақтай отырып, білім беруді жаңғыртудың тиімді жолдарын айқындады.

Қорытынды бөлімде ұлттық тәрбие мен заманауи технологияның үйлесімділігі басты назарға алынды. Ұйым ұжымы рухани құндылықтарды бала бойына ерте жастан сіңіру — ел болашағын тәрбиелеудің негізі деген ұстанымды басшылыққа алады. Семинар педагогтерге тәжірибе алмасуға, кәсіби ізденісті жетілдіруге және инновациялық бағыттағы жұмысты дамытуға мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *