Home » Новости (page 2)

Новости

Отбасы – өмір айнасы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы №129 бөбекжай-балабақшасында ерекше мәнге ие спорттық сайыс өтті. “Әкем, анам және мен” атты жарыс балабақша бүлдіршіндері мен ата-аналардың басын қосып, бірлігі жарасқан жанұялардың спорттағы шеберлігін сынады. Аталған сайыс – тек жарыс қана емес, балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын, салауатты өмір салтын насихаттайтын мәнді шара болды. Бұл күні балабақшаның ересек “Күншуақ” тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналары төрт ...

Толығырақ »

“Жас аналар мектебімен жұмыс,қазақ қыздарының шаш үлгісі”

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, КМҚЖ №118 бөбекжай-балабақшасында “Жас аналар мектебімен жұмыс,қазақ қыздарының шаш үлгісі” тақырыбында аудандық семинар өтті. Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік, шаштың көркі, шаш күтімі оны тарау, өсіру, өруді өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады. Іс-шараның басты мақсаты: қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу.Салт-дәстүрімізді білу.«Тазалық-денсаулық пен сұлулық кепілі» екендігін түсіндіру. Семинарды балабақша меңгерушісі Алмабаева Райхан Капашевна ...

Толығырақ »

Көктемгі кафе

Алматы қаласы, Медеу ауданы, “Березка” балабақшасында 8 наурызға байланысты іс-шара өтті. Іс-шараның басында балабақша меңгерушісі Кудебаева Гульмира Сайлаухановна өзінің алғы сөзімен бастады. Бұл іс-шараның мақсаты: Ана- емірдің шуағы, ана — өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту .Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аналардың енбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Бір қолымен ...

Толығырақ »

Әжелер мектебі -тәрбиенің қайнар көзі

Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты № 4 бөбекжай балабақшасында біртұтас тәрбие бағдарламасы аясыда тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне орайластырып Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, адами қасиетпен әдет ғұрыпты бала санасына сіңіру мақсатында «Әжелер мектебі» тақырыбында  семинар ұйымдастырылды. Аталмыш балабақша меңгерушісі сахна төріне шығып келген қонақтарға алғыс білдіріп, бүгінгі семинардың шымылдығын ашты. Семинардың ашылу салтанатында Даналық  мектебі негізінде ұйымдастырылған «Әжелер мектебі» нің   ақ кимешек киген ...

Толығырақ »

Құм терапиясы: Балалар мен ересектерге арналған психологиялық әдіс

Алматы қаласы Бостандық ауданы №72 бөбекжай-балабақшасы психолог- Сартаева Несібелі Әбубәкірқызы Құм терапиясы: Балалар мен ересектерге арналған психологиялық әдіс Қазіргі психологияда адамның ішкі әлемін түсінуге және эмоцияларын білдіруге көмектесетін көптеген әдістер бар. Солардың бірі – құм терапиясы. Бұл тәсіл балаларға да, ересектерге де жарамды, өйткені ол бейсаналық деңгейде жұмыс істейді, шығармашылықты дамытады және психологиялық жарақаттарды емдеуге көмектеседі. Құм терапиясының пайда болуы ...

Толығырақ »

Ұрпақ – ұлттық ойынмен шыңдалады

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» дейді дана халқымыз. Ойын арқылы бала табиғатынан дарыған қабілеттерін шыңдап, ептілікке, мергендікке, төзімділікке тәрбиеленеді. Әсіресе, ұлттық ойындар ұрпақтың бойына ата-баба рухын сіңіріп, олардың намысты, батыл, жігерлі болып өсуіне ықпал етеді. Осы мақсатта Алматы қаласы, Медеу ауданына қарасты №109 бөбекжай-балабақшасында 2025 жылдың 20 наурызында «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, Алматы қаласы Білім басқармасы, Медеу ...

Толығырақ »

“Өнер таусылмас азық”

Өнер – халықтың жүрегі, ұрпаққа қалған мәңгілік мұра. Ол ешқашан сарқылмайтын қазына, адамзаттың рухани азығы. Осы қағиданы ұстана отырып, Алматы қаласы, Бостандық ауданы №80 бөбекжай-балабақшасында ерекше мазмұндағы “Өнер таусылмас азық” атты семинар өтті. Семинарға Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы, Бостандық ауданы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің бас маманы Шолпан Муратова, аудандық әдістемелік бірлестік мобильді топ мүшесі ...

Толығырақ »

Наурыз – ұлыстың ұлы күні

Халқымыз үшін қасиетті де қадірлі мейрам – Наурыз мерекесі жыл сайын кең көлемде аталып өтеді. Бұл мерекенің маңызы – жаңа жылдың, жаңа өмірдің, табиғаттың жаңаруын білдіруінде. Осындай игі дәстүрді жалғастыра отырып, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №149 бөбекжай-балабақшасында да Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойланды. Балабақша ұлттық нақышта безендірілді. Кішкентай тәрбиеленушілер ұлттық киімдерін киіп, мерекенің ажарын аша түсті. Балабақша ұжымы мен ата-аналар ...

Толығырақ »

Ас атасы-нан

Алматы қаласы Алмалы ауданы білім басқарамасына қарасты КМҚК№ 93 бөбекжай-балабақшасы Құзыреттілік орталық: «Экологиялық бағыт» бойынша, Қытай, Малайзия жобасы бойынша:»Ас атасы-нан» тақырыбында  аудандық семинар  өткізді. Семинарға Алмалы аудандық оқу бөлімінің басшысы Қойшыбаева З.К., қалалық ресурстық орталық жоба жетекшісі Мустафаева А.С. және мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Аталған балабақша меңгерушісі Ибраева А.Т. іс-шараны ашып, алғы сөз сөйледі. Семинарды өткізудегі ...

Толығырақ »

Әжелер мектебі: Ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі

№198 бөбекжай-балабақшасы   Әжелер мектебі: Ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі Алматы қаласы, Жетісу ауданы,  №198 бөбекжай-балабақшасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында ортаңғы “Жалын” тобының тәрбиеленушілері мен әжелерінің қатысуымен ерекше танымдық-тәлімдік іс-шара – «Әжелер мектебі» өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың салт-дәстүрімізге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету сияқты адами қасиеттерді бойларына сіңіру. Іс-шара барысында әжелеріміз балалар-ға қазақ ...

Толығырақ »