Алматы қаласының Әуезов ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Исембаева Асима Бақытжановна
санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттер талаптарының
сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы
Есболат Ханшайым Тлекқызы
Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
Өндірістік бақылау – кәсіпорындар мен ұйымдардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын өз бетінше қадағалау жүйесі. Өндірістік бақылаудың дұрыс ұйымдастырылуы қызметкерлердің денсаулығын қорғауға, өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жұқпалы аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
2025 жылғы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, әрбір кәсіпорын өндірістік бақылау жүргізу бойынша нақты шараларды ұйымдастыруға міндетті. Өңдірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №ҚР ДСМ-62 бұйрығында регламенттелген.
Өндірістік бақылаудың негізгі мақсаттары:
— Өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау;
-Өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен денсаулығына зиянды әсер ететін факторларды анықтау және жою;
-Жұқпалы аурулардың, тамақтан уланулардың және кәсіби аурулардың алдын алу.
Өндірістік бақылауды жүзеге асыру тәртібі:
-Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу: Кәсіпорын өзінің ерекшеліктеріне сәйкес өндірістік бақылау жоспарын жасап, бекітеді. Бағдарламада бақылау жүргізілетін нысандар, зерттеу түрлері, мерзімділігі мен жауапты тұлғалар көрсетілуі керек.
-Зертханалық бақылау: Өнімдердің, шикізаттың, су мен ауаның санитариялық-гигиеналық және микробиологиялық көрсеткіштерін зертханалық сынақтар арқылы тексеру.
-Жеке құрамның медициналық бақылауы: Қызметкерлердің денсаулық жағдайына тұрақты медициналық тексерулер жүргізу және оларды жұмысқа рұқсат беру талаптарын сақтау.
-Қоршаған ортаны бақылау: Өндірістік аумақтың, өндірістік үй-жайлардың, санитариялық-тұрмыстық бөлмелердің тазалығы мен жағдайын бақылау.
Өндірістік бақылаудың нәтижелерін рәсімдеу:
-Әрбір жүргізілген бақылау нәтижесі арнайы журналдарға немесе актілерге тіркелуі тиіс;
-Қажет болған жағдайда сәйкессіздік анықталған кезде жедел шаралар қабылданып, кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді.
Өндірістік бақылауды сапалы ұйымдастыру – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, кәсіпорын өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру және қызметкерлердің денсаулығын сақтау жолындағы маңызды шарттардың бірі болып табылады.
