Home » Сценарий » Жасыл шырша жанында

Жасыл шырша жанында

Алматы қаласы  Әуезов ауданы
КМҚК «№55 бөбекжай-балабақшасы»
Суюндикова Альмира Кошеналиевна

   «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін   қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын 
ұйымдастыру. Образдық бейнелерді  сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін    арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындайды.
Ән Жаңа-жыл
Қыс қызығы тамаша     Зере
Ойнаймыз біз таласа
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша!
Жаңа жылда жол болсын!   Айсултан
Әрбір үйде той болсын!
Берекелі жыл болсын!
Ақ дастарқан мол болсын!
Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Балалар біздің жаңа жылдық шыршамыздың шамын жағуды ұмыттып кеттік
Ондай болса сиқырлы сөзді айтайық
Шырша шамын жағу сәті
Қуант бізді таңырқат
Шамдарды жарқырат
Ән « Шырша »  хор
1 бала: Аяз ата келе ме?  Нурали
Бізге сыйлық бере ме?
Бізге көп сыйлық береді.
Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.
Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлғаң, бұлғаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім
Аяз ата мұнда келмейді,
Сендерге сыйлық бермейді.
Балалар: Қалайша?
Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,
Сендерді таба алмай
Үйіне қайтып жетіпті.
Тәрбиеші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?
Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар, уайымдамаңдар. Аяз атамыз келеді,бізге сыйлық   береді. Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.
Мұның артында бір шикілік бар сияқты. Алинур,
Жанна  екеуің түлкінің ізіне түсіңдер, не бүлдіргенін  біліңдер.
Екеуі: Жарайды,  біз кеттік. (түлкінің соңына түседі)
Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.
Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды. Қардың  сықырын естідіңдер ме?Балалар: Иә, естіп тұрмыз.
Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық
Бәріміз бірге дауыстап
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошемттеп қарсы алады.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*