«Күншуақ» лагерінің жарқын маусымы аяқталды
Алматы қаласы Бостандық ауданы №70 жалпы білім беретін мектебінде жазғы демалыс кезеңінде ұйымдастырылған «Күншуақ» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты өтті. Екі аптаға созылған лагерь балалар үшін қызықты оқиғаларға, танымдық шараларға және жарқын әсерлерге толы болды.
![]()
Лагерь жұмысы барысында оқушылар түрлі спорттық жарыстарға, шығармашылық байқауларға, зияткерлік ойындарға қатысып, жаңа достар тауып, жазғы демалыстың әр күнін пайдалы әрі көңілді өткізді. Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы демалысын қамтамасыз ету мақсатында мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізілді.
Лагерь жетекшісі Жолахаева Шуга Карсыбаевнаның ұйымдастырушылық қабілеті мен педагогикалық шеберлігінің арқасында әрбір күн ерекше мазмұнға ие болды. Балалардың қызығушылығын арттырып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар жоғары деңгейде жүзеге асырылды.
Мектеп директоры Удуримова Шара Сабырқызы жазғы лагерь жұмысына ерекше қолдау көрсетіп, оқушылардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз етуге барлық жағдай жасады.
![]()
Лагерьдің жабылу рәсімі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, қызықты естеліктерімен бөлісті. Екі апта ішінде қалыптасқан достық пен жылы қарым-қатынас мерекелік шараның басты ерекшелігіне айналды.
«Күншуақ» лагерінің жұмысына ата-аналар да жоғары баға берді. Олар балалардың жазғы уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік жасап, қызықты әрі қауіпсіз орта қалыптастырған мектеп ұжымына шынайы ризашылықтарын білдірді.
Жазғы демалыстың жарқын сәттерін сыйлаған «Күншуақ» лагері өз жұмысын табысты қорытындылап, балалардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, шығармашылығы мен белсенділігінің артуына жол ашатыны сөзсіз.
