Главное сегодня

«Дәстүр LIVE»: Отбасылық заманауи келбетіндегі ұлттық фестиваль

Байтоқаева Гулвира Исабековна
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
“Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ” КММ
Бастауыш сынып мұғалімі

 

«Дәстүр LIVE»: Отбасылық заманауи келбетіндегі ұлттық фестиваль
«Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16 наурыз 2026 жылы мектебімізде «ДәстүрLIVE»: Отбасылардың қатысуымен дәстүр мен заманауи келбетіндегі ұлттық фестиваль өтті.

Фестиваль қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми –әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскері И.У.Дүйсебекованың алғы сөзімен басталды. Фестивальға Жетісу, Алатау, Ауэзов, Түрксіб, Алмалы, Бостандық, Наурызбай аудандарынан 35 педагог қатысты.
Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу – маңызды міндеттердің бірі — осы бағытта ұйымдастырылған «ДәстүрLIVE» ұлттық фестивалі – дәстүр мен заманауи мәдениетті үйлестіріп, отбасылардың белсенді қатысуымен өтетін ерекше мәдени шара. Фестивальдің басты мақсаты – қазақ халқының бай мұрасын, салт-дәстүрін және ұлттық өнерін қазіргі заманмен үйлестіре отырып насихаттау. «ДәстүрLIVE» алаңында әр отбасы өз өнерін, қолөнерін, ұлттық тағамдарын және тұрмыс-салт ерекшеліктерін көрсетіп, ұлттық құндылықтардың өміршеңдігін дәлелдейді.
Іс-шара барысында қазақтың дәстүрлері атап айтқанда, «Бастаңғы», «Ұмытылған дәстүр – тізе бүгу», «Қыз тәрбиесі – «Қызға қырық үйден тыйым», «Қымызмұрындық», « Рухани тәрбие – батада» дәстүрлері және қолөнер көрмелері, дәстүрлі тағамдар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Әсіресе ата-әжелер мен немерелердің бірге қатысуы фестивальдің тәрбиелік мәнін арттырды. Үлкендер өз тәжірибесімен бөліссе, жастар дәстүрді жаңа форматта таныстырып, оған заманауи сипат берді.
Фестивальдің тағы бір ерекшелігі – ұлттық киімдердің жаңаша үлгіде ұсынылуы. Қатысушылар дәстүрлі ою-өрнек пен заманауи сәнді үйлестіріп, ұлттық стильдің жаңа мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл өз кезегінде жастардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттырады.

«ДәстүрLIVE» тек мерекелік шара ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, ұлттық бірегейлікті дәріптейтін мәдени платформа. Осындай фестивальдер арқылы қоғамда отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраға деген құрмет күшейе түседі.
Қорытындылай келе, «ДәстүрLIVE» фестивалі – өткен мен бүгінді жалғап, дәстүрді жаңа тыныспен танытатын маңызды мәдени бастама. Бұл шара ұлттық мәдениеттің заманауи қоғамда да өз орнын табатынын көрсетіп, келер ұрпаққа рухани мұра қалдыруға мүмкіндік береді.

Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі пайдалы өтті. Іс-шара барысында көтерілген тақырыптар өте өзекті болды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа ақпараттар мен тиімді әдіс-тәсілдер алды. Ұйымдастырушыларға осындай мазмұнды семинар өткізгені үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса деген тілек бар. Әр ауданнан келген қатысушылар, өздерінің кері байланыстарын беріп, семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, алған білімдерін алдағы жұмыста тиімді пайдаланатындарын жеткізді. Бұл шара тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *