Home » О нас » Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

Алматы қаласының Әуезов ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Исембаева Асима Бақытжановна

санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттер талаптарының
сақталуын бақылау  бөлімінің бас маманы
Бекембаев Нуржигит Даниярұлы

 

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Ауыз су – адамның негізгі өмір сүру қажеттіліктерінің бірі. Сапалы және қауіпсіз ауыз судың жеткілікті мөлшерде болуы халықтың денсаулығын сақтау мен өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Ластанған немесе стандартқа сай емес ауыз суды тұтыну көптеген жұқпалы және созылмалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін.

2025 жылғы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті стратегиялық маңызы бар мәселе ретінде қарастырылып отыр.

Ауыз су сапасы келесі көрсеткіштерге байланысты:
-Микробиологиялық қауіпсіздігіне (ішек таяқшалары, вирустар және паразиттер болмауы тиіс);
-Химиялық құрамы қауіпті деңгейден аспауына (ауыр металдар, нитраттар, пестицидтер мөлшері төмен болуы керек);
-Органолептикалық қасиеттеріне (түссіз, мөлдір, иіссіз және дәмсіз болуы);
— Радиологиялық қауіпсіздігіне (су құрамында радионуклидтердің болмауы).

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы негізгі шаралар:
-Сумен жабдықтау көздерін таңдау: Тек санитариялық-қорғау аймақтары белгіленген, ластану қаупі төмен көздерден су алу.
-Суды тазарту: Су көздерінен алынған суды міндетті түрде механикалық сүзгіден өткізу, хлорлау немесе ультракүлгін сәулемен зарарсыздандыру.
-Су сапасын бақылау: Су құбырларынан алынатын судың сапасын жоспарлы түрде зертханалық бақылау арқылы тексеру.Осы көрсетілген мәселені жүзеге асыру мақсатында ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілуде.
-Су тасымалдау жүйелерінің техникалық жағдайын бақылау: Құбыр желілерін уақтылы жөндеу және санитариялық-гигиеналық талаптарға сай ұстау.
-Төтенше жағдайларда ауыз суды қамтамасыз ету: Табиғи апаттар немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде ауыз суды арнайы тасымалдау және тарату жүйелерін ұйымдастыру.

Бүгінгі таңда ауыз суының сапасын бақылау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы саласындағы ҚР ДСМ 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарында, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен айқындалған.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – тек санитариялық қызметтің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізу арқылы халықтың денсаулығын нығайтуға және өмір сапасын арттыруға қол жеткізуге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*