Өндірістік шу және олардың алдын алу шаралары

Алматы қаласының Әуезов ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Исембаева Асима Бақытжановна

санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттер талаптарының
сақталуын бақылау  бөлімінің бас маманы
Шбекбаева Бакытгуль Заманбековна

 

Өндірістік шу және олардың алдын алу шаралары

Өндірістік ортадағы қолайсыз факторлардың бірі – шу деңгейінің жоғары болуы. Шу — жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсер ететін физикалық факторлардың бірі. Ұзақ уақыт бойы шу әсерінде болу есту қабілетінің бұзылуына, жүйке жүйесінің қажуына, еңбек өнімділігінің төмендеуіне және түрлі кәсіби аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.

2025 жылғы еңбек гигиенасы саласындағы зерттеулер нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда өндіріс орындарындағы жұмысшылардың 42%-дан астамы рұқсат етілген деңгейден асатын шу әсеріне ұшырайды. Бұл көрсеткіш өндірістік шудың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін көрсетеді.

Өндірістік шудың адам ағзасына әсері:

-Есту қабілетінің төмендеуі немесе толық жоғалуы (шуға байланысты саңыраулық);

-Қан қысымының жоғарылауы, жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуы;

-Жүйке жүйесінің әлсіреуі, ұйқысыздық, көңіл-күйдің бұзылуы;
-Жұмыс өнімділігінің төмендеуі және еңбекке қабілеттіліктің әлсіреуі.

Өндірістік шудың алдын алу шаралары:

-Шудың көздерін анықтау және жою.

-Қондырғылар мен машиналарды шу деңгейін азайтатын құрылғылармен жабдықтау.
-Шу деңгейі жоғары жабдықтарды жүйелі түрде техникалық тексеру және жөндеу.

-Инженерлік-техникалық шаралар:

-Шу тудыратын қондырғыларды арнайы дыбыс оқшаулау камераларына орналастыру.

-Өндірістік ғимараттардың қабырғаларын, едендерін, төбесін дыбыс сіңіретін материалдармен қаптау.

-Жеке қорғаныш құралдарын қолдану:

-Құлаққаптар (шуды бәсеңдететін арнайы құралдар) мен арнайы құлақ тығындарын қолдану.

Жұмыс режимін дұрыс ұйымдастыру:

-Жоғары шу деңгейінде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін еңбек және демалыс режимін қатаң сақтау.

-Шу әсерінің ұзақтығын шектеу, үзілістер беру.

-Шу деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу:

-Шу деңгейін арнайы аспаптармен өлшеп, рұқсат етілген шектен аспауын бақылау.

Өндірістік шудың алдын алу – жұмысшылардың денсаулығын қорғау, еңбек өнімділігін арттыру және кәсіби аурулардың алдын алудың негізгі шарты болып табылады.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *