«Білім айнасы» — журналының ұжымына және оқырмандарына Жылқы жылына «Ж» әріпінен басталатын жүрекжарды тілектер!!!
Жылқы – қазақ дүниетанымында еркіндік пен өр рухтың, адалдық пен тектіліктің символы. Ол иесіне беріктік, шыдамдылық, сабыр, жылдамдық, зеректік қасиеттерін дарытады деп сенген. Жылқы алыс жолға төзімді, қиындыққа мойымайтын, иесін жарты жолда қалдырмайтын сенімді серік ретінде бағаланған. Сондықтан «ат – ердің қанаты» деген тәмсіл туған.
Жылқы жылының ерекшелігі – қозғалыс пен жаңаруға, батыл шешімдерге қолайлы кезең деп есептеледі. Бұл жыл еңбекқорлықты, бастамашылдықты, жауапкершілікті талап етеді; алға қойған мақсатқа табандылықпен жетуге үндейді.
Жылқы жылы адамдарды бірлікке, уәдеге берік болуға, жолдасқа адалдық танытуға шақырады. Дәстүрлі түсінік бойынша, бұл жылда ел ісі ілгерілеп, ниет түзу болса, береке артады.
Жолымызды жақсылыққа жалғаған жанашыр жандардың жетегімен, жүрек жылуын жеткізген жайсаңдардың желеп, жебеуімен, жылан жылын жылыстатып, жылжытып, Жылқы жылына жақсылықтармен жетіп жатырмыз!!!
Жатты жатырқамайтын, жайшылықта жұмсақ, жұмыста жігерлі, жандары жайсаң, жүрегі жомарт, жолдасқа жұғымды жансыздар жадап — жүдемей, жұқарып жұтамай, жалауларыңыз жоғарыда желбіреп, жұлдыздарыңыз жақұттай жарқырып, жайраңдап жүріп жаңа жылдағы жұмыстарыңызды жемісті, жеңісті, жүйелі де жарқын және жоғары жетістікке жеткізсін!
Жаңашылдыққа жол ашатын жыл болсын!
Жауапкершілігі жоғары, жаны жайсаң жандар болыңыздар!
Жігерлі еңбек жемісін берсін!
Жүрек жылуына толы орта қалыптассын!
Жетістіктеріңіз жыл сайын жаңарып отырсын!
Жасампаз идеялар көбейсін!
Жанашырлық пен жанкештілік қатар жүрсін!
Жолдарыңыз жарқын болсын!
Жүйелі жұмыс – жетістік кепілі болсын!
Жылқы жылындай еркін де екпінді болыңыздар!
Жарқын жыл болсын! Жылқы жылында жолыңыз ашылып, әр күніңіз жақсылықпен басталсын!
Жігеріңіз жасымасын! Жүрегіңіз мейірімге толсын!
Жетістіктеріңіз молайсын! Жақсылық жаршысы болыңыз! Жолдарыңыз даңғыл болсын! Жан дүниеңіз тыныш болсын!
Жасампаз ой көбейсін! Жұлдызыңыз оңынан тусын!
Жан-жарыңыз бен жақындарыңыз аман болсын!
Жылқы жылы – жігерді жанитын, жол ашатын, жақсылыққа жетелейтін жыл болсын!!!
ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫНДА ҰЖЫМҒА ТІЛЕК!
Әрбір бастамаларыңыз шығармашылық шабытпен, тасқынды табыспен жалғассын!
Бірлік пен өзара құрмет жұмыстарыңыздың тірегіне айналсын!
Тәрбие мен білім жолындағы маңдай тер ақталып, нәтижесі қуантсын!
Балаларға, шәкірттеріңізге деген махаббаттарыңыз кәсіби шеберлікпен ұштассын!
Әр педагогтың еңбегі еленіп, беделі биіктесін, абройы асқақатасын!
Ұжымда тың ойлар мен тиімді тәжірибелер үздіксіз дамысын!
Әр күн кәсіби қуаныш пен рухани қанағат сыйласын!
Ұжымдық келісім мен жоспарлы еңбек биік нәтижелерге жетелесін!
Бір-біріңізге демеу болып, ортақ мақсатқа жұмыла қызмет етіңіздер!
Ізденіс пен ілгерілеу сіздердің басты серіктеріңіз болсын!
Алдыңыздан шыққан әрбір сын сізді шыңдай түссін!
Ізгі ниетіңіз бен ақ пейіліңіз өзіңізге еселеп қайтсын!
Еңбегіңіздің жемісін көріп, мерейіңіз үстем болсын!
Сөзіңіз де, ісіңіз де айналаңызға нұр шуағын шашсын!
Қай бағытты таңдасаңыз да, тосқауылсыз алға басыңыз!
Жылқы жылында еркін ойлап, биік мақсаттарға ұмтылыңыз!
Жігерлі еңбек пен жарасымды бірлік болсын!
Бақыт пен бақ қатар қонып, әр күніңіз қуанышқа толсын!
Ішкі үйлесім мен рухани тепе-теңдік серігіңізге айналсын!
Отбасыңызда береке, шаңырағыңызда шаттық орнасын!
Ниеттеріңіз нұрлы, қадамдарыңыз нық болсын!!!
Жылқы жылында әр педагогтің бәйгеден озып келер шабандоз шәкірттер мен «құлдыраңдаған құлыншақтар», тізгін ұстар немере, шөберелеріңіз көп болсын!!!
Жүрек жарды ізгі ниетпен Фатима Ниязбекқызы.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.к.
