Главное сегодня

Мектепке дейінгі ұйымда  балалардың  оркестрін ұйымдастырудың тиімді жолдары

Мектепке дейінгі ұйымда  балалардың  оркестрін ұйымдастырудың тиімді жолдары

 

Мен, Ботакан мектепалды тобының музыка жетекшісі ретінде, мектепалды топта балалар оркестрін ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету мақсатында ашық сабақ өткіздім. Бұл ашық сабақтың басты мақсаты – балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, ритм пен әуенді сезу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және топтық ынтымақтастыққа баулу болды.

Сабақ барысында балалармен қарапайым аспаптармен тәжірибе жасаттым. Оларға бубен, маракас, ксилофон сияқты аспаптарды қолдануға мүмкіндік бердім, әртүрлі ритмдерді бірге орындадық. Сонымен қатар, денемен ритм жасау жаттығуларын өткіздік – қол, аяқ және дененің әртүрлі бөліктерімен ырғақты қайталау арқылы балалардың музыканы терең сезу қабілеті дамытылды

Балаларға топтық жұмыс пен ынтымақтастық жасауға жағдай жасалды. Олар оркестрде бірге ойнап, әрқайсысының дыбысы мен ритмі топтық үйлесімділіктің маңызды екенін түсінді. Сонымен қатар, хормен ән айту арқылы балалардың вокалдық қабілеттері дамыды, музыкалық тыңдау дағдылары артты.

Сабақ барысында балаларға арналған бірнеше ойындар өткізілді:

Әуенді танып көр – балалар әртүрлі әуендерді тыңдап, оларды атауға және сипаттауға тырысты.

Қайтала ырғақты – мен айтқан ритмді балалар аспаптармен немесе қолмен қайталады, бұл ритм сезімін дамытты.

Музыка тоқтағанда – қатып қал – балалар музыканы тыңдап, қозғалыстарын тоқтатып, тыңдауды үйренді.

Сиқырлы аспап – балалар әртүрлі аспаптарды таңдап, өз әуенін ойлап шығарды.

Музыкалық сурет салу – балалар тыңдаған әуенге сәйкес сурет салып, шығармашылықтарын көрсетті.

Талдау мен үйретудің алғашқы сатысында музыкалық екі шығарманы салыстыру тапсырмасы берілді. Мысалы, балалар ән мен күй жанрын салыстырып, әр шығарманың ерекшеліктерін талдап, өз ойларын білдірді.

Балалар сабақ барысында өте қуанды, белсенділік танытты және жаңа білімді тез игерді. Ашық сабақ өте жақсы деңгейде өтті, өз мақсатыма толық жеттім.

Қорытындылай келе, мектепалды топта балалар оркестрін ұйымдастыруда қарапайым аспаптармен тәжірибе жасау, топтық жұмыс, ритм пен әуен арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту, музыкалық ойындар арқылы қызығушылықты ояту – ең тиімді әдістер болып табылады. Бұл әдістер балалардың музыкаға деген сүйіспеншілігін арттырады, шығармашылық ойлауын дамытады және топта ынтымақтаса жұмыс істей білуді қалыптастырады.

 

Амангельдиев Жасулан Тостайбекович
Музыка жетекшісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *