Оқылым мен тыңдалымды жақсартуға арналған жинақ

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№8 жалпы білім беретін мектеп » КММ
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Оңғарбай Ботагөз Назарханқызы

«Оқылым мен тыңдалымды жақсартуға арналған жинақ»

Түсінік хат
Бұл әдістемелік құрал ағылшын тілін үйренушілерге оқылым, тыңдалым дағдыларын меңгеруге көмектесуге арналған..Құрал құрылымы оқушылардың тілдік дағдыларын кешенді түрде жетілдіруге негізделген. Бірінші бөлімде қарапайым әрі түсінікті мәтін ұсынылып, денсаулыққа байланысты негізгі сөздер мен тіркестер беріледі. Келесі бөлімде осы тақырыпқа қатысты негізгі сөздер қазақша аудармасымен қамтылып, оқушылардың сөздік қорын толықтыруға мүмкіндік жасалады.

Жаттығулар бөлімі оқушылардың алған білімін бекітуге арналған. Мұнда сөздерді сәйкестендіру, сөйлемдерді толықтыру, сұрақтарға жауап беру тапсырмалары арқылы олардың мәтінді түсінуі мен жаңа сөздерді дұрыс қолдануы дамиды. Сонымен қатар, тыңдалым тапсырмалары арқылы оқушылар нақты өмірлік жағдайларды тыңдап, ақпаратты түсінуге және сөйлеу мәнерін жетілдіруге дағдыланады.

Бұл әдістемелік құрал орта деңгейдегі оқушыларға арналған. Ол мұғалімдерге сабақты қызықты әрі тиімді өткізуге көмектесіп, оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады.

Өзектілігі
Бұл әдістемелік құрал оқушылардың ағылшын тіліндегі тыңдалым және оқылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Қазіргі таңда шет тілін меңгеру тек академиялық қажеттілік қана емес, сонымен қатар жаһандану дәуірінде тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды фактор. Тілді меңгеруде тыңдалым мен оқылым дағдылары ерекше рөл атқарады, өйткені олар сөздік қорды кеңейтуге, ақпаратты дұрыс түсінуге және қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға көмектеседі. Әдістемелік құралдың мазмұны оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың белсенді оқу процесіне қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақсаты
Бұл құрал оқушылардың ағылшын тілінде тыңдау және оқу дағдыларын дамытып, олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруге ықпал етуге арналған. Сондай-ақ, әдістеме оқушылардың сөздік қорын байытып, грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдануына көмектеседі.

Міндеттері

  • Оқушылардың тыңдалым дағдыларын жетілдіру арқылы шынайы қарым-қатынасқа дайындау.
  • Оқылым материалдары арқылы түсіну қабілетін дамыту және оқу жылдамдығын арттыру.
  • Көптүрлі тапсырмалар арқылы тілдік дағдыларды кешенді түрде дамыту.
  • Оқушылардың шығармашылық ойлауын және өз бетінше ақпарат іздеу қабілетін арттыру.
  • Қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдаланып, оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Оқушылар тыңдалым бойынша берілген ақпаратты дұрыс қабылдап, негізгі мағынаны түсіне алады.
  • Оқылым мәтіндерін еркін оқып, мазмұнын өз сөздерімен баяндауға қабілетті болады.
  • Сөздік қоры кеңейіп, сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыра алады.
  • Оқушылар өз ойларын нақты әрі түсінікті жеткізе алады.
  • Жаңа сөздер мен фразаларды күнделікті қарым-қатынаста қолдана алады.

Аңдатпа

Бұл әдістемелік құрал оқушылардың ағылшын тіліндегі тыңдалым және оқылым дағдыларын жетілдіруге арналған. Тыңдалым арқылы оқушылар дыбыстық ақпаратты қабылдау, түсіну және талдау қабілетін дамытса, оқылым арқылы мәтінді түсіну, негізгі идеяны анықтау және мағыналық байланыстарды табу дағдыларын қалыптастырады.Әдістемелік құралда түрлі жаттығулар, мәтіндер, сұрақ-жауап тапсырмалары, сәйкестендіру және толықтыру тапсырмалары қамтылған. Сонымен қатар, тыңдалымға арналған аудио тапсырмалар оқушылардың сөйлеу мәнері мен дыбыстарды ажырату қабілетін жақсартады.Бұл материал оқушылардың сөздік қорын кеңейтіп, коммуникативтік дағдыларын дамытады. Құрал мектеп бағдарламасына сәйкес жасалған және мұғалімдерге, оқушыларға, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға ұмтылған тіл үйренушілерге арналған.

Тыңдалым және оқылым материалдарының кестесі

ТақырыбыСағат саныТүрі
1Disease and Treatment2Оқылым
2Calling the Helpline2Тыңдалым
3The Little Rickshaw’s Adventure3Оқылым
4Bulling in school2Тыңдалым
5Tea Tradition in England and in Kazakhstan3Оқылым
6A Taste of India and Japan2Тыңдалым
7What is Cyberbullying?3Оқылым
8Talking about movies2Тыңдалым
9Entertainment and Media: The role of media in our lives3Оқылым
10How to make an apple cake?2Тыңдалым
11Safety during travel3Оқылым
12Ordering in a Café2Тыңдалым

 Disease and treatment
When we are sick, we don’t feel good. We may have a cold, a fever, or a cough. Sometimes, our head hurts — this is called a headache. When our stomach hurts, we have a stomachache. If our throat hurts, it is a sore throat. Sometimes, we may feel tired, dizzy, or have body aches.

When we are sick, we should go to the doctor. The doctor checks us and gives us medicine. Medicine helps us feel better. Sometimes, we need to rest and drink a lot of water. If we have a bad fever or infection, the doctor may give us antibiotics. The nurse helps the doctor and takes care of us too. In hospitals, doctors and nurses work together to help patients recover.

It’s important to stay healthy. We should eat fruits and vegetables, drink water, and sleep well. Washing our hands keeps us safe from germs. Exercise and fresh air also help us stay strong. If we take care of our bodies, we won’t get sick often!

Vocabulary:

  1. Cold – суық тию
  2. Fever – қызба
  3. Cough – жөтел
  4. Headache – бас ауруы
  5. Stomachache – іш ауруы
  6. Sore throat – тамақ ауруы
  7. Doctor – дәрігер
  8. Nurse – медбике
  9. Medicine – дәрі
  10. Healthy – дені сау

Exercise 1
Match each word to the correct definition. Write the number next to the correct letter.

  1. Cold
  2. Stomachache
  3. Doctor
  4. Medicine
  5. Sore throat
  6. Pain or irritation in the throat, especially when swallowing.
    B. A common illness that makes you sneeze, cough, and have a runny nose.
    C. A person who helps sick people and gives medicine.
    D. Pain or discomfort in the belly.
    E. Something we take to feel better when we are sick.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *