Главное сегодня

Ерекше  білім беруді қажет ететін балаларға арналған ойындардың  маңыздылығы.

Жукашева Гульмира Муратовна
Астана қаласы әкімдігінің
№ 71 мектеп – лицей
Педагог – ассистент

Ерекше  білім беруді қажет ететін балаларға арналған ойындардың  маңыздылығы.

«Әр бала жарқыраған жұлдыз!». Қазіргі  инклюзивті білім беру жүйесінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дамуы мен қоршаған ортаға бейімделуі маңызды орын алады. Бұл балаларға сапалы білім берумен қатар, олардың психо-эмоциялық жағдайын, коммуникативтік және когнитивтік қабілеттерін дамыту қажет. Осы тұрғыда ойын — ең тиімді педагогикалық құрал ретінде қолданылады. Ойын терариясы арт- терапияның бір түрі. Бұл терапияныны жүргізу арқылы балалардың әлуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін ықпал тигізеді. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеруін, сонымен қатар қарым- қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартып, танымдық процесстеріне жақсы ықпал етеді.

Ойын — балаға жақын, түсінікті және қызықты әрекет түрі.  Білім беруді қажет ететін балалар үшін ойынның маңыздылығы бірнеше бағытта көрінеді:
Психологиялық қолдау құралы.
Білім беруді қажет ететін балалар кейде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда, өз ойын жеткізуде қиындық көреді. Ойындар оларды еркін сезінуге, ішкі күйзелісті жеңілдетуге көмектеседі.
Даму мүмкіндігін арттыру.
Ойын арқылы зейін, есте сақтау, сөйлеу тілі, моторика, сенсорлық қабілеттер дамиды. Мысалы, пішіндерді, түстерді ажырату, қатарластыру ойындары арқылы логикалық ойлау қалыптасады.
Әлеуметтендіру мен қарым-қатынас.
Топтық ойындар балаларды бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, ережеге бағынуға, кезек күтуге, бірін-бірі түсінуге үйретеді. Бұл инклюзия процесін жеңілдетеді.
Жекелеген қажеттіліктерге бейімделуі.
Арнайы педагогикада әр баланың ерекшелігіне қарай ойын түрлері бейімделіп жасалады. Мысалы, есту қабілеті бұзылған балаларға визуалды ойындар, ал қозғалыс мүмкіндігі шектеулі балаларға қарапайым моториканы дамытатын ойындар қолданылады. Оқытудағы тиімділік.
Дидактикалық ойындар арқылы оқу материалы оңай қабылданады. Мұндай ойындарда бала әрекет ету арқылы үйренеді, бұл ұзақ есте сақтауға әсер етеді.

Білім беруді қажет ететін балалар үшін ойын — тек көңіл көтеру құралы емес, ол — тәрбиелеу, оқыту, дамыту мен әлеуметтендірудің маңызды тетігі. Мұғалімдер мен арнайы педагогтер ойын әдістерін дұрыс таңдап, баланың жеке ерекшеліктеріне сай бейімдеу арқылы оның толыққанды дамуына жағдай жасай алады. Сондықтан да, ойын — ерекше баланың өмірінде де үлкен рөл атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *