
Даулетиярова Құралай Майлибаевна
Алматы қаласы. Алмалы ауданы.
МКҚК №18 бөбекжай-балабақшасының
музыка жетекшісі
«Менің Отаным—Қазақстан»
(Балабақшада ұлттық -патриоттық іс-шаралар ұйымдастыру.)
Қазақстан үшін ең маңызды мерекелердің бірі – 25 қазан Республика күні. Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігін паш ететін, еліміздің азаттығын дәріптейтін айшықты мейрам.
Балабақшада Республика күнін атап өту – жас ұрпаққа отансүйгіштік сезімін сіңірудің, туған жерге деген құрмет пен мақтанышын қалыптастырудың тамаша мүмкіндігі. Балалар үшін ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралар олардың жүрегіне туған еліне деген сүйіспеншілікті ұялатады.
Ертеңгіліктер барысында педагог балаларға Республика күнінің маңызы жайлы қарапайым, түсінікті тілде әңгімелеп береді. Балдырғандар Отан, туған жер туралы тақпақтар айтып, патриоттық әндер орындайды. Қазақтың ұлттық билерін билеп, ұлттық ойындарға қатысу арқылы балалар халық мәдениетімен де танысады.
Мерекеде әр бала шағын жалауша, шар ұстап шығып, Қазақстанның рәміздері туралы мәлімет алады. Балабақшада өткізілетін мұндай мерекелер балалардың бойына «Мен – Қазақстанның ұланымын!» деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.
Республика күні – тек ересектер үшін ғана емес, кішкентай бүлдіршіндер үшін де маңызды. Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік, елін құрметтеу сезімі дәл осындай мерекелік сәттерден бастау алады.
Балабақшада музыка жетекшісінің Республика күніне арналған іс-шараға дайындығы – ертеңгіліктің ең әсерлі бөлігі болып саналады. Себебі мерекелік көңіл-күйді музыка, ән мен би ерекше ашады.
Музыка жетекшісінің басты мақсаты – балаларды мерекенің рухын сезінуге баулу, Отанын мақтан тұтуды музыка және түрлі қойлымдар (көріністер) арқылы жеткізу. Мысалы еліміздің құнды жәдігерлерімен, немесе ұлт байлығы-түрлі қазынасын қысқа қойлымдарда балалардың рөлдерге бөлініп сахналауы.

АВТОРЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР
«Мұражайдағы бір түн» (көрініс)
Тәрбиеші 5-6, баланы алып мұражайға келеді.
Тәрбиеші: Балалар біз Алматы қаласының орталық мұражайына келдік. Мен сендерді ежелгі қазақ елінің тұрмыста қолданған заттарымен таныстырғым келіп отыр. (кезекпен көрсетеді)
Мынау балалар –Тайқазан. Бұл Тайқазанның алты ғасырлық тарихы бар.Ол Түркістан қаласының қарамағында 1399 жылы күміс, алтын, қола, мыс, қорғасын қоспаларынан құйылған.
Ал мынау, балалар, өздерің білетін-домбыра. Көп пернелі, ішекті аспап.Домбыра аспабы XIV ғасыр жазбаларында кездеседі.
Енді көріп тұрғандарың ол-Ер тоқым. Атқа мініп жүруге арналған жабдықтардың бір түрі.
Ары қарай жүрейік. Балалар, мынау қазақ халқының ұлттың киімі-шапан мен бөрікі. Оны суықтан қорғану үшін, әрі сәнді киім ретінде қолданған.
Мына құстың аты-бүркіт. Бүркіт жер шарындағы ең ірі қыран құсы болып саналады. Біздің ата-бабаларымыз бүркітті аңшылық кәсібінде кеңінен қолданған.
Ендігі, көріп тұрғандарың-Алтын адам. Ол 1970 жылдары Есік қорғанында табылды, Сақ заманының жауынгерінің киімі болып саналады.
Ал, балалар, осымен саяхатымыз аяқталды,. Кеш батып қалды, үйімізге қайтайық.-деп, балаларды алып кетеді.
Жәдігерлерге жан біте бастайды.

Тайқазан: Уфф, тұра –тұра белім қайысып кетті ғой.
Домбыра: Тайқазан, сенде қайдан бел болсын-деп күледі.
Ер тоқым: Осы адамдарды түсінбеймін. Сонша жерге келіп, жансыз заттарға телміріп қарағаннан не пайда көреді екен?
Бүркіт: Интернет желісінен көре салса да болады емес пе?
Шапан: Интернеттен көрген бір бөлек, өз көзіңмен көрген одан да қызық емес пе?
Алтын адам: Әрине, шапан дұрыс айтасың. Әрі көріп, әрі тарихпен танысады. Мысалыға сендердің әр қайсысыңның өз құнды құдіреттерін бар.
Тайқазан:Ия,ия, мені ең құнды жәдігер десе болады
Мен емеспін жәй қазан
Мен боламын Тайқазан.
Алыптардың алыбы
Асқа толған бай қазан.
Өмір сүрдім қай заман
Менімен өтті той-думан.
Қызмет етіп халқыма,
Тойдырдым талай асқазан.
Домыра: Жәдігер деп мені айт!
Әр қазақтың қолында
Мен- табылған бас мұра.
Төріне ілген қазағым
Мен боламын-Домбыра.
Тойды мен де атқарғам
Елдің мұңын жырлағам.
Көмейімнен сарқылып
Ақты талай жыр-дастан.
Ер Тоқым: Әй, қоймайсыңдар ғой екеуің.Маған құлақ түріңдер.
Батырлардың серігі
Атқа мінер тірегі
Мен боламын Ер тоқым
Шабандозға керегі.
Менімен шапты жауға да,
Құламай асты тауларды
Еңкейген қарт, бала да
Шықты бауға, аңға да.
Бүркіт: Ой Ер тоқым. Аңға дейсің бе?Аңшылық деген менен қалған.
Ұшамын мен қалықтап
Риза маған халық та.
Қырағы көз қыранмын
Аң аулаймын алыстан.
Ақындардың жырымын.
Көк аспанның пірімін.
Қанат жайып қалқыған
Алып құстың бірімін
Шапан: ЕЕЕ, сендер тек адамның серігі болсаңдар, мен әркез оның қамқоршысы болғам.
Барқыт, жібек матадан
Тікті мені оюлап
Сері жігіт, ата да
Киді мені мақтана
Жапты мені құрметпен
Ақсақалға, құдаға.
Шапан деген мен болам
Суық желден қорғаған,
Алтын адам: Ой жарайсыңдар!
Ал мен-Алтын адаммын,
Ежелгі Сақ заманның
Жауынгері, батыры
Қолыма найза алғанмын.
Қазынасы жерімнің
Қамқоршысы елімнің
Көмкерілген алтынғаСақтадым ел бірлігін!
Бәрі бірге:
Жәдігердің құндысы
Деген атқа лайығы.
Қазақстан жерінің/Біз боламыз байлығы!

«Қазақстан байлығы»
Тәрбиеші: Балалар, біздің еліміздің төрт бөлігі бар. Олар: оң түстік, сол түстік, шығыс және батыс. Осы бөліктерге бағыт көрсету үшін бізге не керек ?
Балалар: Компас
(Ортаға компас киімін киген бала шығады)
Компас: Иә, иә, мен компаспын
Жер бөлігін көрсетіп,
Бағыт берер компаспын.
Жаныңда әркез табылсам
Адаспайсың, сен достым.
Сәлем, сәлем, достар!
Балалар: Сәлем, компас!
Тәрбиеші:Компас, біз еліміздің пайдалы өнімдері туралы білгіміз келеді.
Компас: Әрине, Қазқстан Республикасы түрлі қазбалар мен өнімдерге бай. Олар еліміздің төрт бөлігінде орналасқан. Мен сендерге бағыт көрсетейін.
(Компас музыкамен айналып, атрибут ұстаған балаларға қарап кезекпен тоқтайды.)
Оң түстік:
Оң түстікте өседі,
Керек тағам, кесегі.
Алқаптағы көкеніс
Мол байлығы деседі
Шығыс:
Шахтадан оны қазамыз,
Пешке көмір саламыз.
Қызыл отын жағамыз,
Жылулыққа батамыз.
Солтүстік:
Астық дала сәулеті.
Астық- Отан дәулеті.
Біздің дала-бай дала
Алтын астық айнала.
Батыс:
Батысында елімнің
Мол өнімі-ол мұнай.
Тереңінен Каспийдің
Шығады ол атқылай.
Тәрбиеші: Осындай пайдалы қазбаларға мол , алтын астыққа бай даламызды өз ұрпағына сыйға тартқан дана бабаларымыз бен ержүрек батырларымызға….
Барлық бала: Мың алғыс!
