Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 19-23 мамыр аралығында Беларусь республикасының Брест қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жас жол инспекторлырының халықаралық слеті өткізілді. Іс-шаралар шеңберінде балалардың жол қауіпсіздігін насихаттау мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасуға байланысты жарыстар мен семинарлар өткізу жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ Алматы қаласының ЖЖИ жасағы 2025 жылғы Өскеменде Ғазиз Байтасов атындағы XX мерейтойлық республикалық жас жол инспекторларының слетінде жүлдегер болуына байланысты аталған халықаралық форумда Қазақстанның абыройын қорғайтындығы туралы шешім қабылдаған болатын.

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Алатау аудандық Білім бөлімінің №156 жалпы білім беретін мектебінің жас жол инспекторлары Брест қаласында өткен 53-Халықаралық жас жол инспекторлары слетінде бірнеше мемлекет арасында Қазақстан Республикасының намысын абыроймен қорғап, І орын иеленді!
Бұл жеңіс — үлкен дайындықтың, табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі. Оқушыларымыздың бұл жетістігі — тек мектебіміздің ғана емес, Алматы қаласы мен бүкіл Қазақстан Республикасының мақтанышы!

Қолдау білдірген Алматы қаласы Полиция және Білім басқармаларына, Білім бөліміне, ұстаздарға және ата-аналарға зор алғысымызды білдіреміз!
Жас инспекторларымызға алдағы уақытта да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Команда құрамында команда жетекшісі №156 ЖББ мектеп директорының тәрбие ісі жөнідегі орынбасары Аида Тохтиева, Алматы қаласы ПД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Нұрлан Сапархан және оқушылар Нұрхат Арыстанбек, Дінислам Серғали, Айару Телжан, Айару Ораз болды.

Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық команда халықаралық деңгейде ел намысын қорғап, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қатысушылардың Қазақстанның абыройын лайықты қорғап, халықаралық аренада мемлекеттік туды биікке көтеру мақсатына жетті.

Қазақстан республикасы Ішкі істер министрінің Қазақстанның абыройын қорғайтындығы туралы қабылдаған шешім дұрыс шешім болған екен, үміттер ақталды.
№156 ЖББ мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мустафинова Гаухар Советовна
