Главное сегодня

Болашақ мамандықтар әлемі

Болашақ мамандықтар әлемі

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, КМҚК №51 бөбекжай-балабақшасында «Болашақ мамандықтар әлемі» тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде өтті.

Семинардың басты мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларға мамандықтар әлемі туралы түсінік қалыптастыру, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, болашаққа деген қызығушылығын арттыру.

Балабақшаға кірген сәттен-ақ мамандықтарға байланысты ұйымдастырылған көрме көздің жауын алды. Қолдан жасалған ерекше бұйымдар мен тың идеялар келген қонақтарды бірден таңғалдырды.

Іс-шараның басында балабақша меңгерушісі Сарыбаева Тамара Тынышбаевна алғы сөз сөйлеп, келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі. Одан кейін балабақша әдіскері Бибигуль Турысбаевна «Мектепке дейінгі жаста кәсіби дағдылар берудің қажеттілігі» тақырыбында мазмұнды түсіндірме жұмысын жүргізді.

Келесі кезекте тәрбиеленушілер ортаға шығып, түрлі мамандық иелерінің рөлін сомдап, шағын сұхбат ұйымдастырды. Олар өз кейіпкерлерін таныстырып, ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, қонақтарға «Сіз кішкентай кезіңізде кім болуды армандадыңыз?» деген сұрақ қойып, әсерлі диалог құрды.

Іс-шараның ерекше бөліктерінің бірі – «Биотехнологтар зертханасы» болды. Тәрбиеленушілер үш топқа бөлініп, өз жобаларын ұсынды. Бірінші топ ұшатын үйдің моделін құрастырып, өз қиялдарын жасанды интеллект арқылы экранда көрсетті. Екінші топ күн энергиясы мен қалдық заттарды пайдалана отырып, болашақ киім үлгілерін таныстырды. Ал үшінші топ алоэ өсімдігінен қартаюға қарсы крем жасап, өз идеяларын ұсынды. Балалардың ұшқыр қиялы мен заманауи технологияны үйлестіре білуі көпшілікті тәнті етті.

Одан кейін қонақтарға «Жақсы көңіл күй – жан азығы» атты тренинг өткізілді. Қатысушылар экранда көрсетілген әріптерді дыбыстап, тыныс алу жаттығуларын орындады. Сондай-ақ, бірлескен жаттығулар арқылы бір-бірімен үйлесімді әрекет жасап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Келесі кезеңде шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қонақтар үш топқа бөлінді. Бірінші топ «ЖИ арқылы ертегіні жаңаша құрастыру» тақырыбында жұмыс жасап, «Мақта қыз» ертегісін заманауи үлгіде жаңғыртты. Екінші топ «ЖИ мүмкіндіктерін МДҰ-да қолдану» тақырыбын талқылады. Ал үшінші топ «Креативті студия» аясында ешкімде жоқ жаңа мамандықтарды ойлап тауып, оларды жасанды интеллект көмегімен сипаттап шықты.

Семинар соңында пікір алмасу ұйымдастырылып, барлық қонақтар бір ауыздан іс-шараның мазмұндылығы мен маңыздылығын атап өтті. Олар өз қоржындарына көптеген пайдалы ақпарат алғандарын жеткізді.

Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.
Осындай мазмұнды әрі әсерлі семинарды ұйымдастырған балабақша меңгерушісі, балабақша әдіскері, тәрбиешілер: Жапакова Самал Турысбаевна, Мырзаханова Индира Еркиновна, Жумадилова Айбарша Тлеубеогеновна, Солтанкулова Дария Тургуновна, педагог-психолог Гильманова Лязат Каримовна, Калыбекова Малика Нуридинкызы, қазақ тілі маманы Оразханова Айжан Бекеновна және барша балабақша ұжымына мың алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

Алматы қаласы
Білім Айнасы
Елназ Тұрсынғалиқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *