«Жер – біздің ортақ үйіміз»
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, КММ «№123 арнайы балабақшасында» «Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында аудандық семинар жоғары деңгейде өтті.

Семинардың басты мақсаты – тәрбиеленушілерге табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.
Балабақша ауласына кірген сәттен-ақ ерекше атмосфера сезілді: қолдан және қалдық материалдардан жасалған көрме көз тартып, балалардың шығармашылығы мен педагогтардың еңбегін айқын көрсетті.
Семинар басталар алдында балабақша меңгерушісі Гончарова Елена Геннадиевна алғы сөз сөйлеп, келген қонақтарға сәттілік тілеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Одан әрі қонақтар балабақша аумағын аралап, әр топтың ұйымдастырған іс-әрекеттерімен танысты.
Алғашқы болып «Нұршашу» тобы «Ғарыштық қонақ – галактикааралық сенбілік» атты қызықты қойылым көрсетті. Тәрбиеші Шынар Кожагелдиевна мен логопед Хожамуратова Елена Владимировна балалармен бірге қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу дағдыларын ойын арқылы шебер жеткізді. Ғарыштан келген қонақтың қоқысқа толы табақшасын тазарту арқылы балалар табиғатты қорғаудың маңызын түсінді.
Келесі «Айгөлек» тобы «Қағаздың түрленуі» тақырыбында қағазды қайта өңдеу процесін көрсетті. Сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы бар балалармен тәрбиеші Карбанова Анар Жамсаповна, логопед Сарсембаева Айжан Мурасовна және дефектолог Әбсаттарова Перизат Қайратқызы бірлесіп жұмыс жүргізді. Балалар қағазды қайта өңдеуді тәжірибе жүзінде көрсетіп, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырды. Семинарға қатысушылар дайындалған қағазға сурет салу арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Көру қабілеті бұзылған бар «Сәбилер» тобы «Орман қонағының кодексі» арқылы табиғаттағы тәртіп ережелерін бекітті. Тәрбиеші Кутелева Елена Анатольевна, Кобебаева Айман Кобегеновна, тифлопедагог және дене тәрбиесінің нұсқаушысы Черноножкина Вера Дмитриевна бірлесе отырып, ормандағы өртті сөндіру көрінісін ұйымдастырды. Балалар топпен әрекет етіп, орманды «құтқарды».
Көру қабілеті бұзылған бар «Қарақат» тобы «Гүл патрулі – кішкентай шөпшілер» тақырыбында өсімдіктерге күтім жасауды көрсетті. Тәрбиеші Әлішова Арайлым Серікболқызы, Каржаупова Динара Турсункановна мен тифлопедагог Құдайбергенова Айжан Ерлановна балалармен бірге гүл отырғызып, суарып, табиғатқа жанашырлық танытты. Қонақтар да белсенді қатысып, ерекше әсер алды.
Көру қабілеті бұзылған бар «Ой сана» тобы «Тірі жасуша зертханасы» жұмысын ұсынып, балаларға зерттеу жүргізудің қарапайым әдістерін көрсетті. Тәрбиешілер Глушкова Тамара Николаевна мен Төлеміс Бағила Жайшылыковна гүл отырғызып; су, тас, құм арқылы тәжірибелер жасап, микроскоппен таныстырды.
Ал тірек-қозғалтқыш бұзылыстары бар «Ақылжан» тобы «Ғаламшар әуендері» атты шығармашылық бөлімде қайта өңделген материалдардан жасалған музыкалық аспаптармен шағын оркестр ұйымдастырды. Тәрбиешілер Кобебаева Айман Кобегеновна, Нусипова Жанар Аукеновна және логопед Дрозд Ольга Александровна балалармен бірге ерекше көрініс ұсынды. Балалар «Біз – бір елміз» флешмобын көрсетті және қазақ ұлттық аспаптарынан құралған «Оркестр әні» шығармасын орындады.
Осылайша балабақша аумағындағы танымдық саяхат мазмұнды әрі әсерлі түрде аяқталды.

Семинар соңында педагогтар қонақтарға «Жер» атты ұжымдық эко-мозаика жасауға ұсыныс білдірді. Қатысушылар үш топқа бөлініп, түрлі материалдардан Жер бейнесін құрастырып, өз жылы лебіздерін қалдырды.
Қонақтар кері байланыс барысында семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, өз қоржындарына жаңа идеялар мен тәжірибе жинағандарын жеткізді.
Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шараны ұйымдастырған балабақша меңгерушісі Гончарова Елена Геннадиевнаға, балабақша әдіскеріне Рамазанова айжан Алексеевнаға және барлық тәрбиешілер мен ұжымға шынайы алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!
Алматы қаласы
Білім Айнасы
Елназ Тұрсынғалиқызы
