Табиғаттың бояулары мен әуендері  жобасы негізінде «Бала жүрегіндегі табиғат үйлесімі:музыка шығармашылық тәрбиенің тілі» қалалық семинарын ұйымдастыру тәжірибесі»


Масаурова Салтанат Маратқызы

Алматы қаласы,
КМҚК «№110 бөбекжай балабақша»
меңгерушісі

Табиғаттың бояулары мен әуендері  жобасы негізінде «Бала жүрегіндегі табиғат үйлесімі:музыка шығармашылық тәрбиенің тілі» қалалық семинарын ұйымдастыру тәжірибесі»

Қазіргі білім беру жүйесінде баланың жан-жақты дамуына, оның шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Бала жүрегіндегі табиғат үйлесімі:музыка шығармашылық тәрбиенің тілі» семинары – эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарының бірі. Қалалық семинарға қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық әдіскері жоба жетекшісі Туралина Жанар Ануарбекқызы, Медеу ауданы әдістемелік топ мүшелері, Алматы қаласы мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен музыка жетекшілері қатысты. Аталған жоба аясында өткен «Әсемдік пен әуен үндестігі» атты ұйымдастырылған іс-әрекет семинар қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

   

Семинардың негізгі мақсаты – табиғаттың сұлулығын музыкамен бейнелеу арқылы сезіндіру, балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара барысында табиғаттың түрлі құбылыстарын әуен мен түстер арқылы үйлестіріліп, қатысушылардың эстетикалық қабылдауын тереңдетуге мүмкіндік берілді.

   

Семинарда табиғат көріністерін бейнелейтін әуендерді шебер үйлестіре отырып, ерекше атмосфера қалыптастырды. Балалар табиғат дыбыстарын тыңдап, соған сәйкес өз қиялдарындағы бейнелерді музыка әуені арқылы жеткізе білді.Бұл жұмыс түрі балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың ішкі сезімдерін еркін жеткізуіне ықпал етті. Іс-шара барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды: музыкалық сергіту сәттері, би, ән, оркестр. Балалар табиғат пен музыканың байланысын терең сезініп, оны музыканы түсіне отырып шебер жеткізе білді.

Семинар соңында қатысушылармен «Шебер класс» жүргізіліп, педагогтер өз жұмыстарын қорғап, алған әсерлерімен бөлісті. Музыка жетекшілері ертегі желісі бойынша «Музыкалық ертегі» (саундтрек құрастырды). Көпшілік табиғат пен өнердің үйлесімі адамның жан дүниесіне ерекше әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралардың балалардың эстетикалық тәрбиесінде маңызы зор екені айқындалды.

Қорытындылай келе, «Бала жүрегіндегі табиғат үйлесімі:музыка шығармашылық тәрбиенің тілі» семинары – табиғат және музыка өнерін тоғыстырған, мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары іс-шара болды. Осындай жобалар арқылы өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік туады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *